Денсаулық

Ауызашар кезінде тамақ ішу тәртібі аса маңызды

Ауызашар кезінде тамақ ішу тәртібі аса маңызды. Дін мен медицина тұрғысынан ешқандай қателікке бой алдырмау қажет, деп хабарлады Elorda.info.

Хабар24 жазуынша, иісі мұсылман көп азамат ауызашар кезінде әдетте су ішіп, жаңа піскен немесе кептірілген құрма жейді. Бірақ одан кейінгі ас мәзіріне келгенде әркімнің талғамы әр басқа. Бірі сүт өнімдерін ішіп, төрт түлік мал етін жеп, көкөніс пен жеміс-жидек тұтынса, енді бірі теңіз өнімдерін таңдайды. Оның ішінде асшаян, сегізаяқ пен кальмар еті де бар.

Тәжірибелі аспаз Рамазан Лосиевтің айтуынша, ауызашарға келуші көп мейман бұрын-соңды жеп көрмеген тағамға тапсырыс беруді әдетке айналдырған.

Мейрамхана кәсібіндегі мансабын даяшы қызметінен бастаған Медеу Жанысов болса, қонақтардың көбі сұйық тамаққа тапсырыс беретінін айтады.

Осы орайда ерекше тағамның адал болу керектігін естен шығармаған жөн. Мәселен, «асшаян» - балық тектес су жануарына жатады. Сондықтан халал саналады. Ал су шаяны мен таңқы шаян жартылай құрлықта тіршілік еткен соң, халалдығына қатысты сұрақ көп.

Ауызашар асы күні бойы бос тұрған асқазанға жағу үшін қалай тамақтану керек? Эндокринолог мамандардың кеңесіне құлақ түрсек.

Эндокринолог және диетологтар Ораза ұстаған жандарға кофе ішуге де кеңес бермейді.

Ауыз бекіткен әр адам жеңілдеп, асқазан зиянды қалдықтардан босайды. Тазарған ағзаға сәйкесінше дұрыс әрі құнарлы ас қажет. Құрамында ақуыз бен пайдалы дәрумендер көп болса игі. Бұл гастрит ауруының алдын алады. Дін мен медицина саласының мамандары осыған кеңес береді.

-->

Бұрын дәстүрлі тағам - етке сұраныс жоғары болатын. Қазіргі кезде келушілерге кең таңдау ұсынамыз. Осыған байланысты мәзірімізді де аздап жаңартуға тура келді. Теңіз өнімдерін қостық. Кісі басына арналған орташа чек 5-6 мың тг, - деді аспаз Рамазан Лосиева.

Мейрамхана кәсібіндегі мансабын даяшы қызметінен бастаған Медеу Жанысов болса, қонақтардың көбі сұйық тамаққа тапсырыс беретінін айтады.

Тез дайындалатын тағамдар, манты, лағман, палау. Әсіресе сорпаның тапсырысы көбірек болады. Орташа чек 6-7 мың тг бізде. Креветки дейміз ғой, асшаянды сұрайды, - деді мейрамхана менеджері Медеу Жанысов.

Осы орайда ерекше тағамның адал болу керектігін естен шығармаған жөн. Мәселен, «асшаян» - балық тектес су жануарына жатады. Сондықтан халал саналады. Ал су шаяны мен таңқы шаян жартылай құрлықта тіршілік еткен соң, халалдығына қатысты сұрақ көп.

Мұхаммед Пайғамбар жаңа піскен құрмамен ауыз ашады екен. Егер ондай табылмаса, кепкен құрмамен ауыз ашады. Ол да табылмай қалса, сумен ашады екен. Кейбір аяттарда Мұхаммед Пайғамбар сүтпен ауыз ашқан деп жазылған, - деді «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы.

Ауызашар асы күні бойы бос тұрған асқазанға жағу үшін қалай тамақтану керек? Эндокринолог мамандардың кеңесіне құлақ түрсек.

Ауызды сумен және құрмамен ашып алғаннан кейін, асықпай тамақтану керек. Аз-аздан тамақ жеп, майлы немесе ұннан жасалған тәттілерді шектеп, ағза қатты тоймай, жүктеме түспей дұрыс болады. Тәттіні жеме деп айтатын себебіміз, қан құрамындағы глюкозаны көбейтеді. Асқазанның ішек жолдарында газдардың түзілуіне және іштің кебуіне әкеліп соғады, - деді эндокринолог Ақбаян Марқабаева.