Денсаулық

Қазақстандықтардың 12 пайызы созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан

Қазақстандықтардың 12 пайызы созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан. Бұл туралы елордадағы №1 аурухананың нефрология бөлімінің меңгерушісі Думан Төребеков айтты, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, бұл дертке шалдыққандар саны жыл сайын өсіп жатыр. Оған күретамырлы қысымның көтерілуі, семіру, қант диабеті сынды диагноздар кері әсерін тигізіп отыр. Қазір 8 мыңнан астам науқас үнемі қан тазарту процедураларына баруға мәжбүр. 3 мың адам бүйрек трансплантациясына кезекте тұр. Олардың 61-і - бала. Ахуалды жақсарту үшін нефрологтар халықаралық бүйрек күні үлкен жиын өткізуді жөн көрді. Дәрігерлер азаматтарды бұл ауруға бей-жай қарамауға шақырды.

-->

Егер бүйрек ауруы ертерек анықталса, оны емдеп шығуға болады. Бұл дерттің 5 сатысы бар. Ауру 4-сатыға жетсе, онда толық айығып кету мүмкін болмайды. Осы орайда әр адам өз бетімен дер кезінде қан тапсырып, тексерістен өтуі қажет. Бүйрек ауруы жүрек пен мидың жұмысына да кері ықпал тигізетінін естен шығармаған абзал, - деді №1 қалалық ауруханасы нефрология бөлімінің меңгерушісі Думан Төребеков.