Елімізде папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды
Қазақстанда келер жылы папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, вакцина мектеп жасындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен салынады. Бұл туралы онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының онкологтары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойын обырынан 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ғалымдар, қатерлі ісіктің бұл түрін тек вакцина арқылы жеңуге болады дейді.
-->Қазақстанда келер жылы папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, вакцина мектеп жасындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен салынады. Бұл туралы онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының онкологтары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойын обырынан 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ғалымдар, қатерлі ісіктің бұл түрін тек вакцина арқылы жеңуге болады дейді.
2013 жылы адамдағы папиллома вирусына қарсы вакцина егу еліміздің 4 аймағында пилоттық түрде жүргізілген. Сол кезден бергі зерттеулер оң нәтиже көрсетті. Оған қатысқан ерікті қыз-келіншектер бақылауда болды. Оларда қазір вирустың белгілері жоқ. Бұл дамыған елдердің тәжірибесінде бар, - деді онкохирург-дәрігер Толқын Садықова.