Қазақстандықтарда медициналық препаратқа тәуелділік пайда болды
Қазақстандықтарда тағы бір медициналық препаратқа тәуелділік пайда болды, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, дәрігерлер осылай деп дабыл қағып отыр. Бұл жолғы қауіп дәріхана сөрелерінде еркін сатылатын тыныс алуды жеңілдетуге арналған тамшылардан төніп тұр. Жылдар бойы мұрынға тамызатын спрейді үздіксіз пайдаланудың соңы операцияға алып келуі мүмкін. Қазір мұндай науқастардың саны артқан. Мұрын дәрісіне тәуелді болғандардың бірі – елордалық Арнұр Бейсенбаев. Жаз келіп, көк шыға бастағанда оның аллергиясы қозып, тыныс алуы қиындайды. Алғаш рет мұрынға арналған спрейді осы мезгілде қолдана бастаған. Препарат бастапқыда көмектеседі, бірақ кейін оған байланып, тәуелді бола бастаған.
Жалпы, мұндай мәселеге кезіккен тұрғын көп. Әдетте, тыныс алу мүшесі мазалағандар жылдар бойы дәріге тәуелді болып жүреді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай науқастар арасында балалар да бар. Мұрынға тамшы тигеннен кейін тамырлар тарылып, ісіну басылады және тыныс бірден ашылады. Алайда, бұл дәрі ауруды емдемейтінін ескерген жөн. Ол бар болғаны симптомды жеңілдетеді.
Мұндай дәрілерді 1 аптадан артық пайдалануға болмайды. Егер 1 ай қолданса мұрынның шырышты қабаты өледі. Ал 1 жыл қолданса, оны медициналық жолмен емдеу қиындайды. Мұрын толық бітеліп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда ота жасатудан басқа амал қалмайды дейді дәрігерлер.
Бұл препараттарды сатып алу қиын емес. Кез келген дәріхана сөресінде самсап тұр.
Дәрігер Серік Көктебаев мұндай препараттарға құзырлы органдар бақылауын күшейтуі керек дейді. Оның айтуынша, дәріні науқасқа тек мамандардың рұқсатымен сатқан жөн. Әйтпесе, жағдай ушыға беруі мүмкін.
-->Қазақстандықтарда тағы бір медициналық препаратқа тәуелділік пайда болды, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, дәрігерлер осылай деп дабыл қағып отыр. Бұл жолғы қауіп дәріхана сөрелерінде еркін сатылатын тыныс алуды жеңілдетуге арналған тамшылардан төніп тұр. Жылдар бойы мұрынға тамызатын спрейді үздіксіз пайдаланудың соңы операцияға алып келуі мүмкін. Қазір мұндай науқастардың саны артқан. Мұрын дәрісіне тәуелді болғандардың бірі – елордалық Арнұр Бейсенбаев. Жаз келіп, көк шыға бастағанда оның аллергиясы қозып, тыныс алуы қиындайды. Алғаш рет мұрынға арналған спрейді осы мезгілде қолдана бастаған. Препарат бастапқыда көмектеседі, бірақ кейін оған байланып, тәуелді бола бастаған.
Мұрынмен дұрыс демала алмаймын, сол кезде мен нафтизин алатын болдым. Және ол әдетке айналып кетті мұрын бітелгенде ала бердім, үнемі қолданатын болдым. Арада біраз уақытта онсыз жүре алмайтын жағдайға жеттік, - деді қала тұрғыны.
Жалпы, мұндай мәселеге кезіккен тұрғын көп. Әдетте, тыныс алу мүшесі мазалағандар жылдар бойы дәріге тәуелді болып жүреді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай науқастар арасында балалар да бар. Мұрынға тамшы тигеннен кейін тамырлар тарылып, ісіну басылады және тыныс бірден ашылады. Алайда, бұл дәрі ауруды емдемейтінін ескерген жөн. Ол бар болғаны симптомды жеңілдетеді.
Тамыр тартқыш препараттарды ұзақ уақыт қолданған кезде ол жерде бірінші қан айналымы бұзылады. Және ұзақ уақыт пайдаланса нормада бөлінетін сұйықтықтың конситенциясы да бұзылады. Соған байланысты гипертрофия пайда болады. Яғни, ұзақ уақыт пайдаланған пациенттер оны алып тастайын десе де, ала алмайды. Өйткені, мұрында ісіну пайда болған. Демалу қиындайды, мұрыннан көп сұйықтық бөлінеді. Ол созылмалы болады, соған байланысты демалу қиындай береді. Сосын мәжбүрлі түрде қолдана береді, - деді дәрігер Серік Көктебаев.
Мұндай дәрілерді 1 аптадан артық пайдалануға болмайды. Егер 1 ай қолданса мұрынның шырышты қабаты өледі. Ал 1 жыл қолданса, оны медициналық жолмен емдеу қиындайды. Мұрын толық бітеліп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда ота жасатудан басқа амал қалмайды дейді дәрігерлер.
Бұл препараттарды сатып алу қиын емес. Кез келген дәріхана сөресінде самсап тұр.
Мұндай дәрілерді талапқа сай қолданса, ешқандай тәуелділікке алып келмейді. Ересектер күніне 3 рет, 7 күн ғана пайдалану керек керек. Ал балаларға 3 күн де жетеді. Әрине, кез келген дәріні шектен тыс пайдаланса кері әсер етеді. Негізінен, мұрынға арналған спрейлер белгілі бір уақытта ғана көмектеседі, - деді ҚР ДСМ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Гүлжан Тастанова.