Денсаулық

Елордалық эпидемиологтар А вирустық гепатитінің өсуін болжап отыр

Астаналық эпидемиологтар биыл А вирустық гепатитінің өсуін болжап отыр, деп хабарлады Elorda.info Астана СЭБД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын Астанада А вирустық гепатиті бойынша жылына 200-300 жағдай тіркелді және халық арасында бұл ауру терінің және көздің шырышты қабығының сарғаюы түріндегі негізгі клиникалық белгілеріне байланысты сарғаю деп аталды. 2005 жылы АВГ-ға қарсы жоспарлы вакцинация енгізілгеннен кейін аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 406,1 көрсеткіштен 2022 жылы 1,5-ке дейін төмендеді.

Дәл осы жүргізіліп жатқан иммундау жұмыстарының арқасында Астанада 2005 жылдан бастап екпе алған балалар мен жасөспірімдер ауырмайды.

Астаналық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті профилактикалық екпе алуды елеусіз қалдырмауға кеңес береді. Былтыр қала бойынша 18 адам А гепатитімен сырқаттанды. Оның ішінде үшеуі – бала. Себебі олардың ата-аналары жоспарлы вакцинациядан бас тартты. Осы жылы 11 науқас емделді. Оның ішінде 2003 және 2006 жылы туған балалар бар. Олар А гепатитіне қарсы қорғаныш вакцинасын ала алады. Бірақ ата-аналарының вакцинациядан бас тартуына байланысты, өкінішке қарай, бауырдың зақымдануымен инфекцияға ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда А гепатитіне қарсы вакцинация Ұлттық егу күнтізбесі бойынша, тегін түрде, бала өмірінің 2 жылында, 2 есе, 0-6 ай сызба бойынша жүргізіледі.

Ата-ана, баласының жоспарлы вакцинациясынан бас тартқанымен, баланың денсаулығы мен қоғам алдындағы жауапкершіліктен босатылмайды. Өйткені, А гепатиті – бұл жұқпалы ауру, онда науқас инфекция көзі болып табылады және сарғаюға дейінгі кезеңде басқаларға эпидемиологиялық қауіп төндіреді.

Гепатит сарғаюсыз және субклиникалық түрінде де болуы мүмкін. Соңғы түрінде клиникалық белгілері толығымен жоқ және мұндай науқастар басқаларға бірдей эпидемиологиялық қауіп төндіреді.

Айта кетейік, мемлекет жыл сайын жергілікті бюджеттен А гепатитіне қарсы вакцина сатып алуға 130 миллион теңгеге дейін бөледі, вакцинацияның тиімділігі ғылыми дәлелдерге ие және аурушаңдыққа тікелей корреляциялық байланысты көрсетеді.

Елордалық СЭБД А вирустық гепатитінің алдын алу мақсатында әрқайсысына төмендегідей кеңес береді:

-->

- 2 жастағы балаларға А гепатитіне қарсы жоспарлы екпе алыңыз;

- қол гигиенасы туралы ұмытпаңыз;

- антисептиктерді жиі қолданыңыз;

- эпидемиологиялық қауіпсіз су ішу, орталықтандырылған су қауіпсіз және санитарлық нормаларға сәйкес келетінін ұмытпаңыз;

- жемістер мен көкөністерді жақсылап шайыңыз;

- санитарлық тораптарда тазалықты сақтау;

- қауіпсіз жерлерде шомылу.