Желтоқсан-қаңтар айларында балалар тұмаумен көп ауырған
Қазан айынан бастап тұмау ауруы үдей түседі. Елімізде тұмаудың H3N2, H1N1 және В тобына жататын түрлері кездесті. Бұдан басқа, тұмау емес те вирустар болды. Атап айтқанда, бокавирус, парагрипп, респираторлы-синтициалды вирус және т.б. вирустар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Астана медицина университеті АҚ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
-->Қазан айынан бастап тұмау ауруы үдей түседі. Елімізде тұмаудың H3N2, H1N1 және В тобына жататын түрлері кездесті. Бұдан басқа, тұмау емес те вирустар болды. Атап айтқанда, бокавирус, парагрипп, респираторлы-синтициалды вирус және т.б. вирустар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Астана медицина университеті АҚ Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Динагүл Баешева мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Желтоқсан-қаңтар айларында науқастар саны артты. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, былтыр коронавируспен ауырған балалар саны басым болса, биыл тұмаумен ауырған балалар көп. Ал оның ауыртпалығына келсек, тұмау коронавируспен ауырып шыққан балаларда ауыр өтті. Тұмау болсын, ЖРВИ болсын, кішкентай балалар үшін аса қауіпті. Әсіресе, екі жасқа толмағандарға. Сондай-ақ бұл аурулар балаларда ересектерге қарағанда жиі кездеседі. Қазір ауырған балалар саны бәсеңдегенмен, балалар ауру жұқтыруда. Ауыр жағдайда түсіп жатқандары да бар, сондықтан тұмауратып ауырып жүрген балаларды үйде қалдырып, мектепке, балабақшаға апармауға шақырамыз. Егер науқастың температурасы түспесе немесе құсу, лоқсу тамақ, су ішпеу, ентікпе пайда болса, дәрігерге бару керек. Ауыру жағдайларының 80%-ы жеңіл түрде, 17% – орташа дәрежеде өтеді, ауыр жағдайлар көп емес, - деді Д.Баешева.