Қазақстан нарығына дәрі-дәрмектің 117 атауы жіберілмеді – министрлік
Қазіргі кезде елімізде ресми тіркеуде 7,5 мың дәрілік препарат тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Сапаны бақылау жүйесі дәрі-дәрмекті даярлау сәтінен бастап халыққа жеткенге дейінгі аралықты қамтитынын атап өткім келеді.
Осы орайда тіркеу кезінде сараптама жүргізу, елге әкелу кезінде олардың сапасын бағалау, сондай-ақ препараттардың нарықтағы айналым процесінде дәрілік әрі медициналық заттардың қауіпсіздігін және сапасын бақылау жұмысы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде елімізде 7,5 мыңға жуық дәрілік препарат пен 11 мыңнан астам медициналық бұйым тіркелген, - деді Ж.Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, дәрілік заттарды сараптаудың ұлттық орталығы жыл сайын дәрі-дәрмекке қатысты 6 мыңға жуық сараптама және медициналық бұйымдарға 5 мыңға жуық сараптама жүргізеді. Оның ішінде 2022 жылы дәрі-дәрмектің 117 атауына және медициналық заттардың 164 атауына теріс қорытынды жасалды, яғни олардың нарыққа жіберілуіне рұқсат берілмеді.
-->Қазіргі кезде елімізде ресми тіркеуде 7,5 мың дәрілік препарат тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.