Елордалық 8 дәрігер Түркияға көмекке аттанады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек беруді тапсырды. Осы орайда Қазақстаннан Түркияға медициналық көмек көрсетуге дәрігерлер бригадасының құрамына Астана қаласының 8 дәрігері ұсынылды, деп хабарлады Elorda.info.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, дәрігерлер қатарында елордамыздың білікті дәрігерлері: терапевт, анестезиолог-реаниматолог, нейрохирург, травматолог мамандар бар. Ақ халатты абзал жандардың жалпы еңбек өтілі 3 жылдан 29 жылға дейін құрайды.
Айта кетейік, жалпы 30-дан астам маманнан өтініш келіп түскен.
-->Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек беруді тапсырды. Осы орайда Қазақстаннан Түркияға медициналық көмек көрсетуге дәрігерлер бригадасының құрамына Астана қаласының 8 дәрігері ұсынылды, деп хабарлады Elorda.info.