Қазақстан мен Куба медицина саласындағы мәселелерді талқылады
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Куба Республикасының ҚР-дағы Елшісі Оскар Сантана Леонмен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Бірінші вице-министр кубалық дипломатты құттықтап, елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Т. Сұлтанғазиев 2025 жылға дейін «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыруды қоса алғанда, қазақстандық денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, өткен жылдың қараша айында халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге арналған бірыңғай әлеуметтік бағдарланған жүйені қалыптастыру мақсатында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті.
Куба елшісі өз кезегінде өз елінің жеткілікті кадрлық әлеуетін атап өтіп, денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Оның айтуынша, кубалық дәрігерлер дамушы елдерде ғана емес, Италияда, Катарда және басқаларында әріптестік келісімдердің негізінде ондаған мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйелерінде жұмыс істейді және көмектеседі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанда кубалық дәрілік препараттарды тіркеу, Кубаның медициналық мекемелерінде қазақстандық азаматтарды емдеу, Кубаның медицина университеттерінде қазақстандық студенттерді оқыту, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтауға байланысты бірлескен ғылыми іс-шараларға қатысу мәселелерін талқылады.
Кубалық тарап бірқатар бағыттар бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
-->Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Куба Республикасының ҚР-дағы Елшісі Оскар Сантана Леонмен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Бірінші вице-министр кубалық дипломатты құттықтап, елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Т. Сұлтанғазиев 2025 жылға дейін «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыруды қоса алғанда, қазақстандық денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, өткен жылдың қараша айында халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге арналған бірыңғай әлеуметтік бағдарланған жүйені қалыптастыру мақсатында Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілгенін атап өтті.
Куба елшісі өз кезегінде өз елінің жеткілікті кадрлық әлеуетін атап өтіп, денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Куба Республикасында 497 мың медицина қызметкері немесе арал мемлекетінің еңбекке қабілетті халқының 6,8%-ы бар. Медицина қызметкерлерінің саны бойынша Куба әлемде бірінші орында, мұнда 10 мың тұрғынға 92 дәрігер келеді. Кубалықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 78 жасқа жетті және осы көрсеткіш бойынша Куба Республикасы әлемде 39-шы орында, - деді Оскар Сантана Леон мырза.