Денсаулық

Елімізде сүт безінің қатерлі ісігі азаймай тұр – онколог

Бүгінде адамды білдіртпей ауыртатын қатерлі ісік ауруы тек денсаулық сақтау саласының ғана емес, жалпы қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселесіне айналып отыр. Адам ағзасында ертерек анықталған жағдайда құлан-таза жазылу мүмкіндігі жоғары болғанымен, халық оны «жаман ауру» деп кейде атын айтпауды жөн көреді. Өкініштісі сол – аурудың алғашқы белгілері білінбеген соң халықтың басым бөлігі «қолын мезгілінен кеш сермеп» жатады. Алайда елордалық Онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары, онколог маман Бақтыбай Оразбековтың айтуынша, қазір ісік ауруын анықтау үшін бірнеше тәсілдер бар. Егер ауру ерте кезеңде, яғни I-II сатысында анықталса, тез сауығып кетуі бек мүмкін. Осы орайда Elorda.info тілшісі елордадағы онкологтар қатерлі ісік ауруымен қалай күресіп жатқандығы жөнінде білу үшін аталған сала маманымен тілдесіп көрді.

Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам қатерлі ісік ауруына шалдығып, 14 мыңнан астам адам осы дерттен көз жұмады. Ал 200 мыңнан астам отандасымыз диспансерлік есепте тұр. Соңғы деректерге сүйенсек, соның 14 мыңға жуығы елордалық тұрғындар. Өткен жылы Астанада 900-ге жуық науқас дәл осы «жаман аурудан» айыға алмай, бақилық болған. Қалалық Онкология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Бақтыбай Оразбековтың сөзінше, бұл ауруға орта жастан асқан адамдар жиі шалдығады.

Бірақ онколог маманның айтуынша, науқастардың басым бөлігі дерттің асқынған кезінде, яғни III-IV сатысында ғана ем іздеп келеді. Сол себепті елімізде онкология салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші азаймай тұр.

Астана қаласы бойынша соңғы 20 жылда әйелдер арасындағы сүт безінің қатерлі ісігі көш бастап тұр. Одан кейін өкпе мен асқазанның қатерлі ісігі жиі анықталып, бүгінде дабыл қағатын өзекті мәселеге айналып отыр.

Дәрігердің айтуынша, елордада  негізгі диагностика жүргізетін қондырғылар мен сәулелі терапия  жасау үшін қажетті аппараттар жеткілікті. Дәрі-дәрмек қоры да есепте тұрған азаматтар санына сәйкес қамтамасыз етілген.

Осы орайда онколог маманға «Бізде осы ауруға шалдыққандардың көбі шетелде емделгенді жөн көреді, біздің отандық медицина әлі ол деңгейге жете қойған жоқ па? Әлде шетелде емделу арзан ба?» деген сұрақ қойдық.

Маманның сөзінше, дерттің алдын алу үшін темекі тартпау қажет. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтанған жөн. Әсіресе, күнделікті ас мәзірінде көкөністер мен жемістер  болғаны абзал.

Елімізде бұл қауіпті дерттің алдын алу, денсаулықты жақсарту үшін заман талабына сай барлық жағдай жасалып келеді. Тек халық дер кезінде скринингтен өтіп, тексеріліп тұрса болғаны. Әсіресе, қыз-келіншектер гинекологтың тексеруінен тұрақты түрде өтіп тұруы абзал. Себебі елорда бойынша қатерлі ісікке нәзік жандылар жиі шалдығады. Ал скрининг обыр дертіне шалдығу деңгейін едәуір төмендетеді.

Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

-->

Астанада тұрғындар арасында  қатерлі ісікке шалдығу дерегі азаймай тұр. Дәрігерлер тексеру жұмыстарын көбейткен сайын, қала тұрғындарының арасында аурудың I-II сатысында тұрған науқастар анықталуда. Бұл ауруға орта жастан асып кеткен адамдар жиі шалдығып жатады. Онкологияға шалдығу тамақ пен ауа сапасына байланысты болады. Кейбірі тұқымқуалаушы вирустан да болуы мүмкін. Негізі әр адам жылына бір рет денсаулығын тексеруден өткізіп тұрғаны абзал. Өйткені ауру алғашында біліне қоймайды. Ісік әбден асқынып, айналасындағы ағзаларды қысып, ауырта бастағанда ғана сезіледі. Егер ауру ерте I-II сатысында анықталса, тез сауығып кетуге мүкіндік мол,- деді Бақтыбай Оразбеков.

Бірақ онколог маманның айтуынша, науқастардың басым бөлігі дерттің асқынған кезінде, яғни III-IV сатысында ғана ем іздеп келеді. Сол себепті елімізде онкология салдарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші азаймай тұр.

Астана қаласы бойынша соңғы 20 жылда әйелдер арасындағы сүт безінің қатерлі ісігі көш бастап тұр. Одан кейін өкпе мен асқазанның қатерлі ісігі жиі анықталып, бүгінде дабыл қағатын өзекті мәселеге айналып отыр.

Мен онкология саласына 1999 жылы келдім. Осы уақыттан бері елордада сүт безінің, өкпе мен асқазанның қатерлі ісігі бәсеңдеген емес. Онкологияны анықтау әр ағзада әртүрлі жүзеге асады. Терідегі ісікті 1 күнде, ал сүт безіндегі ісікті 2-3 күнде анықтауға болады. Бірақ өкпе, бауыр, ұйқы безі және асқазандағы ісікті тексеру өте қиын процесс. Нақты күнін айта алмаймыз. Мысалы, әйелдерде сүт безі ісігі көп болса, ер адамдарда өкпе мен асқазан ісігі жиі кездесіп жатады. Егер ауру бастапқы сатысында анықталса, емдеу процедураларын да көп қажет етпейді. Соған сәйкес хирургиялық араласу, химиотерапия көлемі де азаяды және емделуші емді жеңілірек қабылдайды. Сондай-ақ, ерте кезеңде ағзаның қалпына келу ресурстары әлдеқайда көп болады. Қатерлі ісік ерте кезеңде еш белгісіз өтеді, сондықтан адам өзін толық сау сезінсе де, белгілі бір жас аралығында скринингтен өтіп тұруы қажет. Мысалы, 40-70 жастағы әйелдерде сүт безі обырының маммографиялық скринингі 2 жылда бір рет, 30-70 жас аралығындағы әйелдерде ісік алды және жатыр мойны обырына цитологиялық скрининг 4 жылда бір рет, 50-70 жас аралығында жасырын қан анализі, колоноскопия арқылы тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігіне және ісік алды ауруларына скрининг 2 жылда 1 рет жасалады,- дейді онколог маман.

Дәрігердің айтуынша, елордада  негізгі диагностика жүргізетін қондырғылар мен сәулелі терапия  жасау үшін қажетті аппараттар жеткілікті. Дәрі-дәрмек қоры да есепте тұрған азаматтар санына сәйкес қамтамасыз етілген.

Біз елордадағы орталық болғандықтан басқа жақтан келіп, Астанада емделгісі келетіндер қатары көп. Жылдың соңына қарай кейбір дәрі-дәрмек жетіспей жатады. Қатерлі ісікті емдеудің үш тәсілі бар. Яғни, ісікті ота арқылы алып тастайды. Аурудың бастапқы сатысында болса, химиятерапия арқылы емдеуге болады. Сәулелендіру әдісін қолдану арқылы да ісікті жоюға болады. Бірақ, біз науқастың өмір ұзақтығын дөп басып айта алмаймыз. Ол әр адамның ағзасы мен иммунитетіне байланысты. Ісіктің пайда болуы  I-II сатысында анықталса, науқас 90 пайызға дейін емделіп, тіпті ісік қайтадан бой көрсетпеуі де мүмкін.  Яғни, аурудың қайтадан қайталану пайызы өте аз. Егер де науқаста ісіктің  III-IV сатысы болса, оны толықтай емдеу және аурудың қайталану ықтималдылығы жоғары,- дейді Бақтыбай Оразбеков.

Осы орайда онколог маманға «Бізде осы ауруға шалдыққандардың көбі шетелде емделгенді жөн көреді, біздің отандық медицина әлі ол деңгейге жете қойған жоқ па? Әлде шетелде емделу арзан ба?» деген сұрақ қойдық.

Әрине Түркия, Израиль тіпті Еуропада медицина жабдығы өте сапалы жарақталған. Сол себепті оларда мүмкіндік те көп, яғни химиятерапия немесе ота жасау үшін қажетті қосымша медқұралдары бар. Емдеу әдісі бәрі бірдей, сол отаны елордада да жасаймыз. Науқастар шетелге барып 30-40 мың доллар ақша жұмсайды. Олар ақшаның басым бөлігін сервиске төлейді деп ойлаймын. Әр науқастың жеке бөлмесі болып, тіпті әрқайсысына аудармашы тағайындалады. Емделу ұзақтығы біріншіден ауру дәрежесіне, одан кейін төлеген ақшасына байланысты болады,- деп жауап берді дәрігер.

Маманның сөзінше, дерттің алдын алу үшін темекі тартпау қажет. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтанған жөн. Әсіресе, күнделікті ас мәзірінде көкөністер мен жемістер  болғаны абзал.

Көпшілік онкологиялық ауру диагнозы қойылысымен күйзеліске түсіп кетеді. Үрейленуге еш негіз жоқ. Обыр ерте сатысында анықталған жағдайда толық тәуір болады немесе тиісті дәрі-дәрмекті қабылдап, ары қарай өмір сүре береді. Ең бастысы үміт үзбей, өмірді сүю қажет. Бірақ дерттің алдын алған одан да маңыздырақ. Әсіресе, ер жігіттерді темекі шекпеуге шақырамын. Ол адам ағзасында ісік тудыратын жаман әдеттің бірі. Сондай-ақ, көкөністерді жиі тұтынған пайдалы болады. Қазір көбі жылдам дайындалатын тағамдарға үйір, бірақ олардың адам ағзасына пайдасы жоқ. Дұрыс тамақтану тек ісік ауруларынан ғана емес, жалпы адам денсаулығына оң әсер етеді, - дейді Бақтыбай Оразбеков.