Денсаулық

Адам көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылады – бас санитар дәрігер

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Вице-министрдің атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика және барлық өңір жасыл аймақта тұр.

Сонымен қатар 7 өңірде (Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірден жоғары.

-->

Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада сырқаттанудың төмендегені байқалады. Тәулігіне COVID-19-ға ПТР-дің оң нәтижесімен 120 жағдайға дейін және COVID-19-ға ПТР-дің теріс нәтижесімен 10 жағдайға дейін тіркеліп отыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада сыртқаттану көрсеткіші 1,7 есе төмендеді, - деді ол Орталық сайлау комиссиясы отырысында.

Вице-министрдің атап өтуінше, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республика және барлық өңір жасыл аймақта тұр.

Сонымен қатар 7 өңірде (Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірден жоғары.

Осыған байланысты бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес R көрсеткіші бірден жоғары болған кезде адам көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылатынын еске саламын, - деді бас санитар дәрігер.