Қазақстандықтар Telegram бот арқылы психологиялық кеңес ала алады
Қазақстанда ментал саулық бойынша бірыңғай ақпараттық қызмет көрсететін пилотты жоба іске қосылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Енді жаңа қызметтің көмегімен психикалы денсаулыққа қатысты кез келген сұрақ мазалаған жағдайда ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Ақпататты мына тәсілдермен алуға болады:
1) Телеграмм боты - @Mental_SupportBot;
2) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін 3580 нөмірі бойынша Call орталығына қоңырау шалу (қоңырау шалу тегін).
Сонымен қатар азаматтар психологтың тегін кеңесіне жазыла алады. Ол үшін www.mentalcenter.kz сайтында «Психолог консультациясы» бөлімін таңдап, өтінім нысанын толтыру қажет.
-->Қазақстанда ментал саулық бойынша бірыңғай ақпараттық қызмет көрсететін пилотты жоба іске қосылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің қолдауымен психикалық денсаулық бірыңғай ақпараттық қызметінің пилоттық жобасын іске қосады, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.