Қазақстанда вакцинаның қандай түрлері бар
Елімізде халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, алғашқы ревакцинацияны 5,7 млн адам немесе егілуге тиісті халықтың 70%-ы, қайта ревакцинацияны – 1,2 млн-нан астам адам немесе егілуге тиісті халықтың 55%-ы алған, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, КВИ-ге қарсы ревакцинация әлі де инфекциядан қорғанудың жалғыз тәсілі болып отыр.
-->Елімізде халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың мәліметінше, алғашқы ревакцинацияны 5,7 млн адам немесе егілуге тиісті халықтың 70%-ы, қайта ревакцинацияны – 1,2 млн-нан астам адам немесе егілуге тиісті халықтың 55%-ы алған, деп хабарлады Elorda.info.
Бірінші ревакцинациямен күніне орта есеппен 2 500 адам, қайта ревакцинациямен – 4 500 адам егіледі. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен күніне орташа 100-ден астам адам егіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакциналардың 3 түрі бар: Казвак, Sinofarm және Pfizer, - деді вице-министр.
Айта кетейік, КВИ-ге қарсы ревакцинация әлі де инфекциядан қорғанудың жалғыз тәсілі болып отыр.