Денсаулық

Елімізде шошқа тұмауы таралып жатыр

Елдегі эпидемиология жағдайы туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Елдегі эпидемиология жағдайы туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазір елімізде омикрон вирусы таралып жатыр. Омикронның бірнеше түрі бар. Вирус үнемі түрленіп отырады. Ол да қоршаған ортада тіршілік етеді және қазір оның «цербер» деген түрі де табылды. Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы (H1N1) да бізде тіркелген. Оған қоса аденовирус тіркеліп жатыр, қазір вирустың барлық түрі анықталып, инфекция мен суперинфекцияның араласқанын көріп отырмыз – вирустар бірінің үстіне бірі қабаттасып, сырқат өте ауыр жүреді. Қазан айында тұмауға қарсы екпе алдым. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясына қарсы ревакцина алдым. Мен өңірлерге барамын, көп адаммен кездесемін және ұшақта өзімді қорғауға тырысамын, барлық жерде маска тағамын, - деді денсаулық сақтау министрі.