Денсаулық

Елорда ауруханаларына 100-ден астам қызметкер жетіспейді

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында кадр тапшылығы мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкерлері үшін жағдай жасалған. Атап айтқанда, 2020 жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 60%-ға (210 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін) және орта медициналық персоналдың жалақысы 50%-ға (130 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін) өсті.

2023 жылы дәрігерлердің жалақысын тағы 35%, ал орта медициналық персоналдың жалақысын 10%-ға арттыру жоспарланып отыр.

2020 жылы елорданың жергілікті бюджетінен 21 мамандық (283 грант) бойынша медицина мамандарын даярлау үшін 550 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 243 студент білім алып жатыр.

-->

Бүгінде елордада 1,7 мыңнан астам дәрігер және 2,6 мыңнан астам орта медицина қызметкері бар. Қаланың денсаулық сақтау саласындағы проблемалардың бірі – кадр тапшылығы. Қазір Астанада 140 дәрігер жетіспейді, - деп хабарлады басқармадан.

Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкерлері үшін жағдай жасалған. Атап айтқанда, 2020 жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 60%-ға (210 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін) және орта медициналық персоналдың жалақысы 50%-ға (130 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін) өсті.

2023 жылы дәрігерлердің жалақысын тағы 35%, ал орта медициналық персоналдың жалақысын 10%-ға арттыру жоспарланып отыр.

2020 жылы елорданың жергілікті бюджетінен 21 мамандық (283 грант) бойынша медицина мамандарын даярлау үшін 550 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда 243 студент білім алып жатыр.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2022-2023 оқу жылында 245 грантқа қаржы бөлінді. Соңғы үш жылда орта медициналық персоналды даярлауға 750 грант бөлінді (жыл сайын 250 гранттан), - делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратында.