Денсаулық

Елімізде бедеулікке шалдыққан жастар көбейіп барады – дәрігер

Бұл туралы биолог, дәрігер Салтанат Байқошқарова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

BAQ.KZ-тің жазуынша, ол қазіргі таңда республикамызда ғана емес, бүкіл әлемде ұрпақ сүйе алмау мәселесі өзекті екенін әрі бұл көрсеткіш өздігінен азаймай тұрғанын айтқан.

Сонымен қатар ол бала сүйе алмайтындар саны жылдан-жылға артып келе жатқанын алға тартты.

Белгілі болғандай, бедеуліктің 40 пайыздай жағдайы ерлердің репродуктивті жүйесінің жұмысына байланысты. Ал аралас бедеулік көрсеткіші 30 пайызға тең

-->

Қазір бізде генетикалық диагностика дамып келеді. ЭКҰ-ға бармай-ақ, үйленер алдында жастар қан тапсырып, өзінің генетикалық ауруларға бейімділігі бар ма, соны анықтауына болады. Бұл дені сау баланы дүниеге әкелуге кепіл болады. ЕКҰ-ны бедеулік кезінде ғана жасаймыз. Дамыған мемлекеттерде жұптар өздерінің қандай ауруға бейімділігін біліп алып, емделіп барып сәби жоспарлайды. Бедеулік проблемасы Қазақстанда ғана емес, дүние жүзінде бар,  - деп атап өтті дәрігер елордада өтіп жатқан «Бедеулікті емдеудің заманауи жолдары» атты қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының XIV халықаралық конгресінен соң берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол бала сүйе алмайтындар саны жылдан-жылға артып келе жатқанын алға тартты.

Дүние жүзі бойынша ер адамның да, әйел адамның да ұрығының сапасы төмендеп келеді. Адам өзінің қолынан келетін мүмкіндіктерді қолдануы керек. Диагностиканың заманауи әдістерінің дамуы бедеуліктің нақты себептерін анықтап, оны емдеуге жол ашады. Жастау кезде ұрпақты болуға тырысу қажет. Ертеңгі күні ЕКҰ-ға жүгінбей, табиғи түрде ұрпақты болған абзалырақ, - деді Салтанат Байқошқарова.

Белгілі болғандай, бедеуліктің 40 пайыздай жағдайы ерлердің репродуктивті жүйесінің жұмысына байланысты. Ал аралас бедеулік көрсеткіші 30 пайызға тең