Елімізде 2 млн-нан астам адам тұмауға қарсы вакцина алды
Бұл туралы ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Министрлік өкілінің айтуынша, осал топқа жататын азаматтарға тұмауға қарсы вакцина тегін салынады.
Сондай-ақ, маман вакцинадан кейін асқыну жағдайының тіркелмегенін тілге тиек етті.
Айта кетейік, тұмауға қарсы вакцина алғандардың 468 579 немесе 22 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 1 667 772 не болмаса 78 пайызы ересектер.
-->Бұл туралы ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Биыл бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында биылғы маусымда өзекті болып отырған вирустарға қарсы штамдар бар. Вакцина жалпы республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша халықтың кемінде 10%-ын қамту қажет, - деді Марал Рақымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрлік өкілінің айтуынша, осал топқа жататын азаматтарға тұмауға қарсы вакцина тегін салынады.
Медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және жетім, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, сонымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін вакцина тегін. Одан бөлек, бұл санатқа медицина қызметкерлері де кіреді. Тұмауға қарсы вакцинация қазан айында басталды. Республика бойынша 2 136 575 адам тұмауға қарсы вакцина алды. Бұл - жалпы халықтың 11,3%, - дейді ол.