Астанада емханаға еркін тіркелу науқаны жалғасып жатыр
Қазақстанда, соның ішінде елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын еркін таңдау бойынша тіркелу науқаны жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.
Жыл сайынғы дәстүрлі кампания екі ай бойы, 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өтеді.
Қазіргі уақытта астаналықтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 38 медициналық ұйымға тіркеле алады. Олардың 16-сы – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар. Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелген пациент учаскелік дәрігердің қабылдауы, өзінің денсаулық жағдайын бақылау, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, скринингтік тексерулер, диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулер сынды медициналық көмектерге қол жеткізіп, қажет жағдайда ауруханаға жатқызуға жолдама алады.
Медициналық көмексіз қалмауы үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталындағы жеке деректерде (ЭЦҚ арқылы авторизациялау) тіркелу мәртебесін тексеруі қажет.
Естеріңізге саламыз, тіркеу науқанына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметтер базасына енген емдеу мекемелері ғана қатысады. Олардың толық тізімімен қордың ресми сайтының «Емхана таңдау» бөлігі арқылы танысуға болады.
-->Қазақстанда, соның ішінде елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын еркін таңдау бойынша тіркелу науқаны жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info.
Жыл сайынғы дәстүрлі кампания екі ай бойы, 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өтеді.
Қазіргі уақытта астаналықтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 38 медициналық ұйымға тіркеле алады. Олардың 16-сы – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік клиникалар. Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс істейді және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған кезде ғана үйде медициналық көмек көрсетіледі. Бұл учаскелік дәрігердің немесе мобильді бригаданың көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелген пациент учаскелік дәрігердің қабылдауы, өзінің денсаулық жағдайын бақылау, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, скринингтік тексерулер, диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулер сынды медициналық көмектерге қол жеткізіп, қажет жағдайда ауруханаға жатқызуға жолдама алады.
Тіркеу науқаны кезінде азаматтар өзі тұратын аумақ шеңберіндегі мемлекеттік қана емес, жекеменшік клиникаларға да тіркеле алады. Ол үшін емхана Медициналық сақтандыру қорының жеткізушілер тізімінде болуы тиіс. Биылғы науқан барысында емхана ауыстырған азаматтар өзі таңдаған емдеу мекемесінің қызметін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана алады. Жалпы, емхана ауыстыру міндетті емес. Бұрынғы емхана қызметіне көңілі толатын азаматтар әрі қарай да сол клиниканың қызметін пайдалана берсе болады, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Медициналық көмексіз қалмауы үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталындағы жеке деректерде (ЭЦҚ арқылы авторизациялау) тіркелу мәртебесін тексеруі қажет.
Тіркелу орнында маман-дәрігерді таңдау учаскедегі тіркелген тұрғындардың санын есепке ала отырып, жүзеге асырылады. Жалған ақпарат берілген жағдайда; пациенттің нақты тұру мекені емхананың қызмет көрсету аймағынан тыс жерде орналасқандығы анықталған уақытта; жалпы практика дәрігеріне тіркелген халықтың саны 1700 адамнан, учаскелік педиатрға – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 0-ден 14 жасқа дейінгі 900 баладан асып кеткен жағдайда; тіркелетін тұлғаның заңды өкілдігін растайтын құжат болмаған кезде емханаға тіркеуден бас тартуы мүмкін. Емханаға тіркеу немесе тіркеуден дәлелді бас тарту 1 жұмыс күні ішінде орындалады - деп түсіндіреді №9 қалалық емхана өкілі Майра Сарбасқызы Рыспаева.