Денсаулық

Елімізде жаңа туған нәрестелерді ретинопатияға скринингпен қамту ұлғайды

Қазақстанда 1265 жаңа туған нәресте ең жаңа жабдықта офтальмологиялық скринингтен өтті, оның көмегімен 181 балада ретинопатия анықталды, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Тоғыз шала туған нәрестеге офтальмологиялық хирургтар AYALA қайырымдылық қоры перинаталдық орталықтарға берген арнайы аппараттарда көз торын лазерлік коагуляциялау арқылы көруді сақтап қалды.

Қазақстандық дәрігерлердің мәліметтері бойынша, мерзімінен бұрын туған нәрестелердің шамамен 40%-ы ретинопатиядан зардап шегеді, бұл шала туған нәрестелерде көру қабілетінің қайтымсыз жоғалуына әкеледі.

Патологияның диагностикасы ретинопатия кезінде ешқандай сыртқы белгілердің болмауымен қиындайды және тек арнайы жабдықтың (офтальмоскоптың) көмегімен мамандандырылған және дярланған офтальмолог бұл аурудың ерте көріністерін көре алады.

Ағымдағы жылы Атырау қаласындағы он бір перинаталдық орталық пен облыстық офтальмологиялық аурухананы ультра заманауи офтальмоскоптармен жарақтандыру қайтымсыз соқырлық жағдайларын болдырмай, ретинопатияны ерте диагностикалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Ақтөбе, Семей және Тараздың үш перинаталдық орталығында ретинопатия диагнозы қойылған жаңа туған нәрестелерде көз торының лазерлік коагуляциясы бойынша операциялар жүргізуге арналған аппараттар орнатылған. Бұл араласулар шала туған нәрестелердің көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет жаңа туған нәрестелерге «Луцентис» препаратын интравитреалды енгізу бойынша клиникалық хаттаманы әзірледі және бекітті, бұл офтальмолог дәрігерлердің пікірінше, Қазақстанда шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеудегі нағыз серпіліс болды. Жаңа хаттама ретинопатияның жедел түрлерін инъекциялық емдеуді қамтиды, бұл нәрестелерге толыққанды көру қабілеттерін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Соңғы  9 айдың қорытындысы бойынша ретинопатия бойынша қауіп тобындағы шала туған 6472 (98,2%) бала офтальмологиялық скринингпен қамтылды, 358 шала туған нәрестеге жедел емдеу жүргізілді.

-->