Мүгедектікті анықтау бойынша 40 мыңға жуық өтінім қаралды
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру аясында 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен 39,3 мың өтінім қаралды,деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта жобаға 625 медициналық ұйым қосылған.
Пилоттық жоба арқылы биыл мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай қызмет көрсетумен қамтуды 20%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 22,6%-ды құрайды.
Мүгедектік тобын анықтау бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі қажет. Қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.
Жалпы, сырттай куәландыруға көшу:
- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;
- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;
- үйден шықпай-ақ мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын айқындау бойынша қызметтер алуға мүмкіндік береді;
- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, осылайша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.
-->Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру аясында 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен 39,3 мың өтінім қаралды,деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта жобаға 625 медициналық ұйым қосылған.
Пилоттық жоба арқылы биыл мүгедектікті белгілеу бойынша сырттай қызмет көрсетумен қамтуды 20%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 22,6%-ды құрайды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, оларды қағазбастылықтан арылтуды, инстанциялар бойынша жүруін және қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске асырып жатыр, - деп жазылған хабарламада.