Денсаулық

Биыл МӘМС жүйесі арқылы қанша қымбат ота жасалды

Биыл МӘМС жүйесі арқылы 12 мыңнан астам қымбат ота жасалған. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Ашуев айтты, деп хабарлады Elorda.info  inform.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ төраға МӘМС жүйесі саланы қаржыландыру бөлігінде қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.

Қазіргі кезде медициналық көмекті ұйымдастыру, клиникалардың ішіндегі менеджмент деңгейі, пациенттерді дұрыс бағыттау мәселелері өзекті екенін айтты.

-->

2,5 жыл ішінде медицинадағы барлық проблемаларды шешу мүмкін емес. Алайда МӘМС жүйесінің арқасында адамдар бұрын тек ақылы болған қызметтерді тұтына алады. Биыл жоғары технологиялық көмек көлемі 1,5 есе өсті. Осы жылдың 7 айында 12 мыңнан астам қымбат операциялар жасалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 34%. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 7 мың эко-рәсімнің 4 мыңға жуық репродуктивті қызметі қаржыландырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 40% болды, - деді А.Ашуев.