Маймыл шешегін анықтау бойынша хаттама әзірленіп жатыр - министр
Ажар Ғинияттың айтуынша, маймыл шешегі туралы ДДҰ-дан ақпарат көп түседі. Ұйымның мәліметінше, қазіргі кезде 89 елде 25 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр.
-->Ажар Ғинияттың айтуынша, маймыл шешегі туралы ДДҰ-дан ақпарат көп түседі. Ұйымның мәліметінше, қазіргі кезде 89 елде 25 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр.
Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, 7 елде 8 жағдай болған екен. Қазіргі таңда ДДҰ-дан келген әр ақпарат қаралады. Аталған ұйым вакцинация жүргізу керек еместігін айтты. Нұсқау болса, оны орындауға тырысамыз. Өзіміз де ауруға мониторинг жүргізіп жатырмыз, ұқсас белгілері бар аурулар болса, диагноз қою үшін тексереміз, сондай-ақ қызметкерлерімізді оқытып, дайындап жатырмыз. Осы ауруды емдеуде дәрігерлерге нұсқау болатын хаттама әзірлеп жатырмыз. Мамандарымыз осы ДДҰ-ның өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатыр, – деді министр.