Денсаулық

Президенттік клиниканың жаңа емдеу корпусы ашылады

Президенттік клиниканың жаңа емдеу корпусында пульмонология және нефрология, гастроэнтерология және эндокринология, неврология, ревматология және кардиология бөлімдері орналасады.

 

 

-->

Президенттік клиниканың жаңа емдеу корпусында пульмонология және нефрология, гастроэнтерология және эндокринология, неврология, ревматология және кардиология бөлімдері орналасады.

Сонымен қатар, аталған корпуста күндізгі стационар, интенсивті терапия блогы, инсульт, миокард инфарктісі, кардиохирургия, нейрохирургия және ортопедиялық операциялардан кейінгі науқастарды оңалту блогы шоғырланады. Аурухананың бірінші корпусын тұтастай хирургияға беру туралы шешім қабылданып отыр. Жаңа корпустың диагностикалық базасы жоғары санатты эксклюзивті технологиялардан тұрады, ол заманауи озық қондырғылармен жабдықталған. Диагностикалық жабдықтарды пайдаланатын мамандар алдын ала іріктеліп, алыс-жақын шетелдердің үздік емханаларында тәжірибеден өткен. Қазір диагностикалық кешендерді реттеу және калибрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Медициналық жабдықтар толық орнатылды. Жаңа медициналық нысан осы айдың ішінде ашылады, - деді Айбек Дәдебаев .