Бүгінде 423 бала COVID-19-дан емделіп жатыр – Ажар Ғиният
Сондай-ақ министр қазіргі кезде 3 бала ауыр халде жатқанын айтты.
-->
Жыл басынан бері 6 мың бала ауырды. Бүгінде 423 бала COVID-19-дан емделіп жатыр. Әрбір баланың денсаулығы министрлік деңгейінде бақылауда. Жеке штабымыз бар, - деді министр.
Сондай-ақ министр қазіргі кезде 3 бала ауыр халде жатқанын айтты.
Бүгінде вирус жұқтырған балалардың 21%-ында ауру жеңіл өтуде, 77%-ы орташа деңгейде, 0,7%-ы күрделі, яғни 3 бала реанимация бөлімінде жатыр. Олардың денсаулығы дәрігерлердің бақылауында, - деді А.Ғиният.