7 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр – Есмағамбетова
Елде реанимациялық төсек орынмен қамту 8 пайызды құрайды. Қазіргі кезде реанимация бөлімшелерінде 44 адам жатыр. Олардың ең көбі – Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда облысында.
-->
Елде реанимациялық төсек орынмен қамту 8 пайызды құрайды. Қазіргі кезде реанимация бөлімшелерінде 44 адам жатыр. Олардың ең көбі – Нұр-Сұлтан қаласы мен Қызылорда облысында.
Вакцина және ревакцинация – коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы. Эпидемиологиялық тексеру барысында ауырғандардың 80 пайызы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар. Бұл коронавирусқа қарсы вакцинацияның қажет екенін растайды. Егілу пунктерінде 1,5 млн дозасы бар. Бүгінгі күні егілуге тиіс ересектердің 84 пайызы КВИ-ге қарсы вакцина алды. Оның ішінде 1 компонентпен 10 млн 700 мың адам, 2 компонентпен 10 млн 500 мың адам, - деді А.Есмағамбетова.