COVID-19: шілде айында 3 адам қайтыс болды
-->
Шілде айында КВИ-мен ауырған 3 науқас қайтыс болды. Сыртқаттанушылықтың өсуіне қарамастан науқастарды ауруханаға жатқызу деңгейі төмен. Бүгінгі күні 1 342 пациент емдеуге жатқызылды. Төсек орынмен қамтылу 30 пайызды құрайды. Стационарда емделіп жатқан пациенттерге талдау жүргізілді. Осылайша КВИ-мен ауырып, стационарда емделіп жатқан пациенттердің ішінде 18 жасқа дейінгі балалар 36 пайызды құрайды. Ересек пациенттер 64 пайызды құрайды, - деді А.Есмағамбетова.