Бейсенова: Вакцинация және ревакцинация – инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы
Сондай-ақ бас мемлекеттік санитар дәрігер вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы болып қала беретінін жеткізді.
-->Өздеріңіз көріп отырғандай, вирус әлі де қайтар емес, керісінше ауру қайтадан өршуде. Өзіңіз араласатын адамдар ортасын шектеңіз. Айта кету керек, «сары» аймаққа көшу кезінде инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданатын болады, - деді Сархат Бейсенова.
Сондай-ақ бас мемлекеттік санитар дәрігер вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы болып қала беретінін жеткізді.
Сондықтан біз вакцинация мен ревакцинациядан өту арқылы ғана аурудың өсуіне қарсы тұра аламыз. Өз денсаулығыңызға, жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндірмеңіз! Елорданың «жасыл» аймақта тұрғанына қарамастан, ВАК шешіміне сәйкес жабық мекемелерде, қоғамдық көліктерде бетперде киюді ұсынамыз. Сонымен қоса, уақыттан кешіктірмей коронавирусқа қарсы вакцинация қабылдаңыз, – деді ол.