Референдум күні коронавирустың таралуына жол бермеу алгоритмі бекітілді
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, референдумды өткізу кезінде:
1) адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, референдумға қатысушылардың легін реттеуді;
2) үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін;
3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайларды жүйелі желдетуді;
4) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды желдетуді;
5) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды жуу құралдарын қолдана отырып тазалау, ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
Аталған қаулының орындалуын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, аумақтық референдум комиссиялары қамтамасыз етуі тиіс.
-->Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, референдумды өткізу кезінде: