Балалар арасында семіздік өршіп барады
Оның айтуынша, өзі басқаратын ұлттық орталық балалар арасындағы семіздік тақырыбына зерттеу жүргізіп келеді.
Айта кетерлігі, елімізде бастауыш сынып оқушыларының бойы мен салмақ көрсеткіштері мен өмір сүру салтын таразылауға негізделген балалар семіздігіне эпидбақылау жүргізілген. ДДСҰ-ның әдістемесі бойынша ол 4 жылда бір рет өткізіледі. Зерттеу нәтижелері балалар семіздігі, дененің жеткіліксіз салмағы, еліміз бен Орта Азия және Еуропаның өзге мемлекеттері бойынша тамақтану мен дене белсенділігін салыстыруға мүмкіндік береді.
Мәлімдеуінше, ең төменгі көрсеткіштер Жамбыл (11,3%), БҚО (16,0%), Атырау (16,3%), Алматы (16,6%), Маңғыстау (16,8%) облыстары мен Алматы қаласында (17,4%) байқалған.
Ал күнделікті рационда жеміс-жидек тұтыну деңгейі 33-тен 37%-ға артыпты.
Сонымен қатар министрліктің «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде балалардың дене белсенділігі мен тамақтануын жақсарту, артық салмағымен күрестің алдын алу мен күрес бойынша іс-шаралар атқарылып келеді. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы да іске қосылған. Бұл – өмір сүру, оқу мен жұмыс үшін дені сау ортасы ретінде өз әлеуетін үнемі нығайтып отыратын мектеп. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы енгізілген соң оқушылардың денсаулығы мен білім сапасы артқаны байқалған.
-->Оның айтуынша, өзі басқаратын ұлттық орталық балалар арасындағы семіздік тақырыбына зерттеу жүргізіп келеді.
Айта кетерлігі, елімізде бастауыш сынып оқушыларының бойы мен салмақ көрсеткіштері мен өмір сүру салтын таразылауға негізделген балалар семіздігіне эпидбақылау жүргізілген. ДДСҰ-ның әдістемесі бойынша ол 4 жылда бір рет өткізіледі. Зерттеу нәтижелері балалар семіздігі, дененің жеткіліксіз салмағы, еліміз бен Орта Азия және Еуропаның өзге мемлекеттері бойынша тамақтану мен дене белсенділігін салыстыруға мүмкіндік береді.
Балалар семіздігі, тамақтану және дене белсенділігі бойынша COSI ұлттық зерттеуінің нәтижесі 6-9 жастағы балалар арасында 20,6% артық салмақ барын көрсетіп отыр. Әсіресе бұл көрсеткіш ер балаларда жоғары – 23,6%, ал қыз балалар арасында – 17,6%-ға тең. Қалалық жерде тұратын балалар арасында артық салмақтың таралуы 23,1%-ға жеткен. Бұл ауылда тұратын балалардың салмағымен салыстырғанда 17,5%-ды көрсетті. Ал артық салмақ пен семіздік бойынша ең жоғары көрсеткіш Қостанай(29,3%), Шығыс Қазақстан (27,1%), Ақмола (26,3%), СҚО (25,3%) облыстарында анықталды, - дейді басқарма төрағасының міндетін атқарушы.
Мәлімдеуінше, ең төменгі көрсеткіштер Жамбыл (11,3%), БҚО (16,0%), Атырау (16,3%), Алматы (16,6%), Маңғыстау (16,8%) облыстары мен Алматы қаласында (17,4%) байқалған.
Артық салмағы бар немесе семіздікке шалдыққан балалардың 77,6%-ын ата-аналар қалыпты салмақ ретінде қабылдайды. Басқаша айтқанда, ата-ана баласының салмағына мән бермейді. Дене салмағының жеткіліксіздігі немесе арықтық барлық баланың 5,0%-да кездесті. 2015 пен 2022 жылдар аралығындағы 5 жыл ішінде 8 жастағы балалар арасында артық салмақ пен семіздік көрсеткіштері сол күйінде қалды. Ал ер балалар арасындағы көрсеткіш көбейгенін байқадық. Семіздікті эпидқадағалау қорытындысы бойынша мектеп жасындағы балалардың тамақтану, дене белсенділігі тұрғысында оң нәтиже көзге түсті. 6-9 жастағы ер балалардың 71,4%-ы мен қыз балалардың 77,4%-ы қалыпты салмаққа ие. Күн сайын таңғы ас ішетін балалардың саны да едәуір дұрысталды. Ол көрсеткіш 49,4%-дан 74,5%-ға дейін жоғарылады, - дейді Жанар Қалмақова.
Ал күнделікті рационда жеміс-жидек тұтыну деңгейі 33-тен 37%-ға артыпты.
Күн сайын кем дегенде 60 минут дене қозғалысын жасайтын балалардың саны 2015 жылдан бері 70,6%-дан 86,8%-ға дейін артты. Мектептердің 90,8%-ы балаларға сабақтан тыс уақытта мектеп маңындағы спорт алаңдарында ойнауға және 88,9%-ы спортзалды қолдануға рұқсат берген. Балалардың спорт алаңдарын емін-еркін пайдалана алуы олардың қозғалыс белсенділігін арттыруға себеп болады. Білім ордаларының 94,1%-ы бастауыш сынып оқушылары үшін кем дегенде аптасына бір рет спорттық іс-шаралар өткізеді. Сауалнамаға қатысқан мектептердің 52,3%-да сабақ кестесінде дұрыс тамақтану бойынша жеке пәндер бар немесе ол басқа сабақ барысында оқытылады. Мектептердің 85,6%-да асхана, ал 66,7%-да буфет немесе дүкен бар. Ал 75,2%-ы тегін немесе ақылы ауызсумен қамтылған, - деді ведомство өкілі.
Сонымен қатар министрліктің «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде балалардың дене белсенділігі мен тамақтануын жақсарту, артық салмағымен күрестің алдын алу мен күрес бойынша іс-шаралар атқарылып келеді. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы да іске қосылған. Бұл – өмір сүру, оқу мен жұмыс үшін дені сау ортасы ретінде өз әлеуетін үнемі нығайтып отыратын мектеп. «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасы енгізілген соң оқушылардың денсаулығы мен білім сапасы артқаны байқалған.
Аталған жобадағы ең сәтті табыстардың бірі деп артық салмақтан арылған балалар қатарының көбейгенін атап айтар едім. Жоба басында 88 оқушыда артық салмақ байқалса, жобаның соңында 63 адамды құрады. Денсаулықтарын нығайтатын спорттың кез келген түрімен айналысуға қызығушылық танытқандардың саны 25%-ға көбейді. Ал биыл 1-тоқсанның қорытындысына көз жүгіртсек, денсаулықты нығайтуға себеп болатын мектептердің саны 1181-ді көрсетті. Білім ордаларын «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» жобасымен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді Жанар Қалмақова.