Нұр-Сұлтанда дәрігердің алғашқы қабылдауы орташа есеппен қанша тұрады
Өңірлер бойынша бір айда Ақмола облысының тұрғындарына бағаның өскені қатты білінді. Мұнда қызмет құны бірден 9,5% көтерілген. Алғашқы үштікте Алматы облысы (7,7%) және Алматы (6,1%) қаласы бар. Қазақстанның 17 өңірінің 4-еуінде бағалар бұрынғы деңгейде қалды.
Жыл басынан бері баға Түркістан облысында бірден 12,5%-ға, Ақмола облысында — 9,5%-ға, Алматы облысында 8,5%-ға өсті.
Айлық динамикада дәрігердің алғашқы қабылдауы наурыз айында 4,3%-ға, стоматологиялық қызметтер — 3,4%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері — 3%-ға, амбулаториялардағы маман дәрігерлердің қызметтері 2,4%-ға қымбаттады.
Осы жылдың наурыз айында дәрігердің алғашқы қабылдауы ел бойынша орташа есеппен 3,9 мың теңгені құрады. Ірі қалалар арасында алғашқы қабылдау Атырау (5,2 мың тг), Нұр-Сұлтан (5,1 мың тг) және Алматы (4,9 мың тг) қалаларында қымбат болды. Ең арзан қызмет Түркістанда (2,5 мың тг).
-->Өңірлер бойынша бір айда Ақмола облысының тұрғындарына бағаның өскені қатты білінді. Мұнда қызмет құны бірден 9,5% көтерілген. Алғашқы үштікте Алматы облысы (7,7%) және Алматы (6,1%) қаласы бар. Қазақстанның 17 өңірінің 4-еуінде бағалар бұрынғы деңгейде қалды.