Денсаулық

Қазақстанда 30 мыңға жуық әйел сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққан

Халықаралық медицинадағы тың жетістіктерге қарамастан, әлі күнге дейін сүт безінің қатерлі ісігіне нақты не себеп деген сұраққа бірде-бір маман жауап бере алмады,

Сүт безінде қандай да бір түйін пайда болғанда, дереу ультрадыбыстық зерттеуге келіп, тексерілген жөн. Маман 10-15 минуттың ішінде ісіктің бар-жоғын анықтап бера алады. Сондай-ақ заман талабына сай технологиялардың арқасында дерттің қай кезеңге жетіп қалғанын да қарап білу мүмкін.

Дәрігерлердің айтуынша, Азия өңірінде сүт безі қатерлі ісігінің агрессивті түрі жиі кездеседі. Сол себепті оны емдеу де оңайға түспейді. Толық жазылып кету үшін терапияның түр-түрін қатар қабылдауға тура келеді.

Бұл дерттің неліктен пайда болатыны әйелдер қауымын қатты мазалайды. Бұрында дәрігерлер басты себептердің бірі тұқым қуалаушылық десе, бүгінде олай нақты айту мүмкін емес.

Соңғы жылдары Қазақстанда сүт безінің қатерлі ісігін емдеу үшін таргеттік терапия жиі қолданылатын болды. Яғни адам ағзасы толық емес, тек қатерлі ісік орналасқан жер ғана дәрімен уланады. Мұндай препараттар тым қымбат болғандықтан, мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынады. Жыл сайын отандық клиникаларға заман талабына сай дәрі-дәрмектің 5-6 түрі жеткізіледі. Ал сүт безін алдыртпау үшін онколог-маммологтар реконструктивті операция жасау технологиясын жетік меңгерген.

-->

Ең алдымен, ісіктің пішінін көреміз. Кейін тамыры қаншалықты терең екенін анықтаймыз. Мысалы, суретке қарап, біз сүт безінің қатерлі ісігін 95 процентке растай аламыз. Өйткені оның құрылым біртекті емес. Бізге келген пациенттердің диагнозы расталған жағдайда оларға психологиялық қолдау көрсетіп, тез арада онкомаммологқа жібереміз, - деді ҰҒОО ультрадыбыстық зерттеу дәрігері Сандуғаш Ауғанбаева.

Дәрігерлердің айтуынша, Азия өңірінде сүт безі қатерлі ісігінің агрессивті түрі жиі кездеседі. Сол себепті оны емдеу де оңайға түспейді. Толық жазылып кету үшін терапияның түр-түрін қатар қабылдауға тура келеді.

Сүт безінің қатерлі ісігін емдеудің бірнеше тәсілі бар. Тізімде химия терапиясы, иммундық және гормондық терапия бар. Кешенді емдеу жақсы нәтиже береді. Соның арқасында науқас толық жазылып кете алады. Тек дертті уақытында анықтау қажет. Ол үшін әрбір әйел адам айына бір рет өзінің сүт бездерін тексергені абзал. Жылына бір рет скриниг пен маммографиядан өтуге кеңес береміз. Көбі сүт безінде қатерлі ісіктің бар екенін өзі үшін барып тексерілгенде біледі. Сол мезетте ем-домды бастап кетсек, сүт безін алып тастамауға да болады, - деді ҰҒОО сүт безі қатерлі ісігі секторының аға ординаторы Динара Саменова.

Бұл дерттің неліктен пайда болатыны әйелдер қауымын қатты мазалайды. Бұрында дәрігерлер басты себептердің бірі тұқым қуалаушылық десе, бүгінде олай нақты айту мүмкін емес.

Қазір әйелдер жұмыста болғандықтан, стресс көп болады. Диета көп ұстамайды. Аз туады. Соған байланысты ауру көбейген, - деді Онкология және радиология қазғзи орталығының онколог-маммолог дәрігері Назгүл Омарбаева.