Адамзатқа қауіп төндіретін мыңдаған жаңа вирус түрі пайда болады - Ғалымдар
Биолог ғалымдар алдағы 50 жылда Цельсий бойынша ауа температурасы екі градусқа жоғарылаған жағдайда, үш мың түрлі сүтқоректілер үшін вирустардың алмасуы мен миграциясы қалай болуы мүмкін екенін зерттеді.
Мамандар тек сүтқоректілер арасында 4 мыңнан аса түраралық вирус берілетінін анықтады. Құстар мен теңіз жануарларын қоса алғанда, көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін.
Зерттеушілер барлық вирус түрлері COVID-19 сынды пандемияға алып келмейтінін ескертті. Алайда түраралық аурулардың артуы олардың адамдарға жұғу қаупін жоғарылатады. Бұл орайда климатолог пен инфекционистер жаһандық жылыну адам денсаулығына зиян келтіреді деген ортақ пікірге келді.
Grassroots Global Justice Alliance климаттық әділетсіздікке қарсы күрес ұйымының жетекшісі Джарон Браунның айтуынша, әсіресе Африка мен Азия тұрғындары бәрінен артық зардап шегеді. Себебі олар климаттық қауіптер мен ажалды ауруларға келгенде олардың жаны осал. Аталған екі аймақта да ондаған жылдар бойы АИТВ, Эбола безгегі және тағы да басқа ауыр дерттердің ошағы бар.
Кейбір елдерде жаһандық жылынудың әсерінен өмірге қауіпті аурулар саны артуда. Мәселен, Аустралияда жапондық энцефалит дерті өршіп кетті.
-->Биолог ғалымдар алдағы 50 жылда Цельсий бойынша ауа температурасы екі градусқа жоғарылаған жағдайда, үш мың түрлі сүтқоректілер үшін вирустардың алмасуы мен миграциясы қалай болуы мүмкін екенін зерттеді.