Елімізде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің 3 айлық қоры бар
-->
Бүгінде бізде коронавирус инфекциясына қарсы дәрі-дәрмектің 3 айлық қоры қамтамасыз етілген. Оның бәрі арнайы хабтарда сақтаулы. Сонымен қатар, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қызметкерлері дәрі-дәрмек тапшылығының алдын алу бағытында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәрі-дәрмекті қымбаттатпау бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Кез келген дәріханада баға себепсіз көтерілген болса, осы комитеттің жергілікті департаменттеріне хабарласуға болады, – деді Е. Байтанаев.