Денсаулық

Дәрігерлерден кеңес: Оразаның қандай пайдасы бар

Zakon.kz сайты Денсаулық күніне орай дәрігерлерден оразаның адам ағзасына қалай әсер ететінін сұрады.

Ораза тұтудың адам денсаулығына қандай әсері бар?

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының гастроэнтеролог дәрігері Зухра Ағзамова оразаның адам ағзасына оң әсері барын айтты. Дәлірек айтқанда ораза ұстау адамның ас қорыту жүйесі, ұйқы безі және бауыр жұмысына пайдалы.

Дәрігердің сөзінше, ораза ұйқы безінің демалуына да мүмкіндік береді. Ұйқы безі қантты құрғақ немесе майлы заттарға айналдыратын инсулинді шығарады. Ал артық тамақтың салдарынан бөлінетін инсулин мөлшері асып кетсе, ұйқы безіне әсер етеді. Содан ол өз функциясын орындай алмай, қанда қант жинала береді. Бұл кейінірек қант диабетін тудыруы мүмкін. Ораза кезінде бауырдың қызметі де белсенді болады. Улы заттар ағзадан шығарылады. Ашығу денеде сақталған майларды жоюға көмектеседі және бауыр жасушаларын белсендіреді.

Ораза ұстамас бұрын дәрігерге тексеріліп, маманнан анықтама алу керек пе?

Гастроэнтерологтың айтуынша, алдын ала медициналық тексеруден өту қажет. Созылмалы инфекциялық емес ауруларды, олардың даму қаупін анықтайтын кешенді медицина тексеруінен өткен жөн.

Ауызашарда қандай тағамдардан бас тарту керек?

Дәрігер Зухра Ағзамова Қасиетті Рамазан айында тағам әдеттегіден көп ерекшеленбеуі керек екенін айтты. Бұл айда тағам мүмкіндігінше қарапайым, жақсы әрі ағзаға қажет нәрселермен толыққан болуы керек.

Ораза кезінде қандай тағамдарды тұтынған жөн?

Гастроэнтерологтың айтуынша, сәресін ішкенде тамақты көп жеуден, сұйықты көп ішуден аулақ болған пайдалы. Себебі көп ішіп-жеудің салдарынан ағзадан күні бойы тонусты сақтауға қажет минералды тұздар бөлінеді.

Сонымен қатар дәрігер Зухра Ағзамова ораза тұтқан адамға құрма, бадам жаңғағы және банан жеуге кеңес берді.

Себебі құрма – қанттың, талшықтың, көмірсулардың, калий мен магнийдің жақсы көзі. Ал бадам жаңғағында майы аз ақуыз бен талшықты заттар бар. Банан болса, калий, магний және көмірсуларға бай.

Ораза ұстаудың адамға қандай пайдасы бар?

Ал Алматыдағы №36 емхананың жалпы практика дәрігері Мөлдір Әлімбаеваның айтуынша, оразада дұрыс тамақтанып, қалыпты режимді ұстансақ, оның денсаулығымызға мол пайдасы болады. Соның бірі – ағзадағы қант мөлшерінің төмендеуі. Себебі ораза тұтқан кезде адамның ұйқы безі демалады. Одан қантты крахмалды заттар мен майларға айналдыратын инсулин бөлінеді.

Қан қысымы жоғары немесе төмен адамдарға ораза қалай әсер етуі мүмкін?

Дәрігер Мөлдір Әлімбаева ауыз бекіту қан қысымын түсіруге және қанның қоюлану қаупін азайтуға бағытталған табиғи жол екенін айтты. Себебі адам өзін ұзақ уақыт тамақтан тыйған кезде ағза бойға қажет энергияны жеткізу үшін денедегі май мен глюкозаны пайдалана бастайды. Мұның барлығы қан қысымының түсуіне әкеледі.

Сәресінде қалай тамақтану қажет?

Дәрігер сәресіне тұруға қиналып, тек су ішіп, ауыз бекіте салу барлық жағынан дұрыс емес екенін ескертті.

-->

Ораза кезінде асқазан сөлінің бөлінуі азаяды, асқазанның қышқылдығы төмендейді. Көп адам сөл мен қышқылдықтың артық мөлшерінен зардап шегеді. Ал олардың азырақ бөлінуі асқазан жарасының ықтималдығын азайтады. Бірақ ауыз бекіткен кезде асқазан қышқылдық бөлуді тоқтатпайтынын ескерген жөн. Асқазанында жарасы бар адам ораза тұту кезінде абай болуы қажет, – дейді гастроэнтеролог Зухра Ағзамова.

Дәрігердің сөзінше, ораза ұйқы безінің демалуына да мүмкіндік береді. Ұйқы безі қантты құрғақ немесе майлы заттарға айналдыратын инсулинді шығарады. Ал артық тамақтың салдарынан бөлінетін инсулин мөлшері асып кетсе, ұйқы безіне әсер етеді. Содан ол өз функциясын орындай алмай, қанда қант жинала береді. Бұл кейінірек қант диабетін тудыруы мүмкін. Ораза кезінде бауырдың қызметі де белсенді болады. Улы заттар ағзадан шығарылады. Ашығу денеде сақталған майларды жоюға көмектеседі және бауыр жасушаларын белсендіреді.

Ораза ұстамас бұрын дәрігерге тексеріліп, маманнан анықтама алу керек пе?

Гастроэнтерологтың айтуынша, алдын ала медициналық тексеруден өту қажет. Созылмалы инфекциялық емес ауруларды, олардың даму қаупін анықтайтын кешенді медицина тексеруінен өткен жөн.

Денсаулығыңызға саналы түрде қараңыз. Ауырған кезде ғана емес, профилактика үшін емханаға үнемі барыңыз. Бұл адам күдіктенбейтін және оны мазаламайтын ауруларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Ал диета ұстап, дененің белсенділігін қолдайтын тамақ пен суды үнемі тұтынуы керек аурулармен ауыратын адамдарға ораза ұстауға медицина тұрғысынан тыйым салынады. Дегенмен дәрігермен ораза басталғанға дейін алдын ала кеңескен дұрыс. Сонымен қатар белгілі бір уақытта және нақты белгіленген жиілікте дәрі ішетін адамдар да дәрігерімен ақылдассын. Кейде ораза ұстап, дәріні кешке ішуге де болады.Дәрігер Зухра Ағзамова

Ауызашарда қандай тағамдардан бас тарту керек?

Дәрігер Зухра Ағзамова Қасиетті Рамазан айында тағам әдеттегіден көп ерекшеленбеуі керек екенін айтты. Бұл айда тағам мүмкіндігінше қарапайым, жақсы әрі ағзаға қажет нәрселермен толыққан болуы керек.

Ораза кезіндегі тағамда түрлі пайдалы өнім болғаны дұрыс. Мысалы, көкөністер, жемістер, ет, құс еті, балық, нан, дәнді дақылдар мен сүт өнімдері. Бұл уақытта денсаулыққа зиян келтіретін, ас қорытуды қиындататын қуырылған тағамдарды тұтынуды шектеу керек. Майлы тағамдар мен қант мөлшері көп өнімдерді жеуге болмайды, – дейді Зухра Ағзамова.

Ораза кезінде қандай тағамдарды тұтынған жөн?

Гастроэнтерологтың айтуынша, сәресін ішкенде тамақты көп жеуден, сұйықты көп ішуден аулақ болған пайдалы. Себебі көп ішіп-жеудің салдарынан ағзадан күні бойы тонусты сақтауға қажет минералды тұздар бөлінеді.

Сәресі кезінде күндіз аштықты сезінбеу үшін әрі тағам ұзағырақ қорытылуы үшін күрделі көмірсуларды жеу керек. Әсіресе көкөністер мен дәнді дақылдар, жемістер күрделі көмірсуға бай, – дейді гастроэнтеролог. 

Сонымен қатар дәрігер Зухра Ағзамова ораза тұтқан адамға құрма, бадам жаңғағы және банан жеуге кеңес берді.

Себебі құрма – қанттың, талшықтың, көмірсулардың, калий мен магнийдің жақсы көзі. Ал бадам жаңғағында майы аз ақуыз бен талшықты заттар бар. Банан болса, калий, магний және көмірсуларға бай.

Ораза ұстаудың адамға қандай пайдасы бар?

Ал Алматыдағы №36 емхананың жалпы практика дәрігері Мөлдір Әлімбаеваның айтуынша, оразада дұрыс тамақтанып, қалыпты режимді ұстансақ, оның денсаулығымызға мол пайдасы болады. Соның бірі – ағзадағы қант мөлшерінің төмендеуі. Себебі ораза тұтқан кезде адамның ұйқы безі демалады. Одан қантты крахмалды заттар мен майларға айналдыратын инсулин бөлінеді.

Қазір әлемнің бірқатар елінде қант диабетіне шалдыққандарды ораза тұту арқылы емдеу тәжірибесі бар. Мұндай емдеу шарасы кезінде пациент ауыз бекітеді де, ауызашарға жеңіл тамақтар жейді. Бұл химиялық дәрі-дәрмектерді қолданбай, қант ауруын емдеуде өте ұтымды жол екенін медицина дәлелдеп үлгерді. Егер ораза ұстаған адам ауыз ашқаннан кейін тамақ мөлшеріне шектеу қойып, дұрыс режимді ұстанып жүрсе, артық салмақтан арыла алады. Адам ұзақ уақыт аш жүріп, ауыз ашқан кезде бірден тамақ пен сусынға тойып алмағаны жөн. Себебі бұл керісінше, салмақтың артуына әкеліп соғады. – дейді жалпы практика дәрігері Мөлдір Әлімбаева

Қан қысымы жоғары немесе төмен адамдарға ораза қалай әсер етуі мүмкін?

Дәрігер Мөлдір Әлімбаева ауыз бекіту қан қысымын түсіруге және қанның қоюлану қаупін азайтуға бағытталған табиғи жол екенін айтты. Себебі адам өзін ұзақ уақыт тамақтан тыйған кезде ағза бойға қажет энергияны жеткізу үшін денедегі май мен глюкозаны пайдалана бастайды. Мұның барлығы қан қысымының түсуіне әкеледі.

Ағзада тұз жиналуы көп тамақтану салдарынан болады. Әсіресе еттен жасалған өнімді жиі жеу тұз жиналуына себеп болады. Сонымен қатар адам шамадан тыс тамақ жегенде бұлшық еттегі протеин мөлшері көбейіп, бұзыла бастайды. Қандағы несеп тұзының мөлшері көбейіп, ол бүйрекке жиналып тұнуы да мүмкін. Осының ақыры бүйректе тас пайда болуына ұшыратады. Сондықтан тамақ пен судан тыйылып біраз уақытқа ауыз бекіту – мұндай ауруды емдеуде ұтымды тәсіл, – дейді дәрігер Мөлдір Әлімбаева.

Сәресінде қалай тамақтану қажет?

Дәрігер сәресіне тұруға қиналып, тек су ішіп, ауыз бекіте салу барлық жағынан дұрыс емес екенін ескертті.

Сәресіне 30 минут бұрын тұрып, бір стақан жылы су ішкен дұрыс. Ауыз бекіткен кездегі тамақтар күрделі көмірсу және пайдалы майдан тұрса, кешке дейін тоқ жүресіз. Энергиямыз жетіп, күнді жеңіл өткіземіз. Өйткені күрделі көмірсудан құралатын тағамдарды қорытуға 8-9 сағат өтеді. Тәттіден бал, құрма, мейіз, өрік, қауын жеген пайдалы. Сәресінен ауыз ашқанға дейін аш жүретіндіктен қандағы глюкозаның деңгейі төмендеп кетеді. Тамаққа бірден тойып алсаңыз, үлкен көлемдегі калория организмге көп күш түсіреді. Сондықтан дұрыс тамақтанып, денсаулығымыз үшін пайдалы болатын мүмкіндіктен қапы қалмайық.