Денсаулық

Бір тамақты жиі жей бергеннің қаупі қандай

Мәселен, жақында ағылшынның танымал футболшысы Дэвид Бекхэмнің жары Виктория Бекхэм "мен 25 жыл бойы күнде қуырылған балық пен буға піскен жеміс-жидек жегенмін" деп мәлімдеген еді. Әрине, балықтың еті – адам ағзасына өте пайдалы тағамдар. Оның үстіне, буға піскен жеміс-жидек те өте пайдалы әрі асқазанға ауырлық түсірмейді.

Алайда мамандар бұлай тамақтанудың зиян екенін айтады. Лондон Король колледжінің мамандарының айтуынша, осы тағам пайдалы деп оны күнде жей беруге тағы болмайды.

Мамандардың айтуынша, адамның ағзасындағы ақуыз, май және көмірсу бір-бірімен тепе-тең болуы тиіс. Адамның иммунды жүйесі, ішектің ас сіңіруі мен бүкіл ағзаның жұмысы тікелей соған байланысты.

-->

Өйткені бір тағамда бар қоректік зат екіншісінде болмауы мүмкін. Содан мұндай әдетке бейімделген адамда белгілі бір нутриенттер жетпей қалады. Тағамды араластырып жеген – ең дұрысы. Адамға қажет бүкіл қоректік зат бір тағамның бойына бітуі тағы мүмкін емес. Сондықтан біздің диетологтар тағамды араластырып, барынша әртүрлі астан дәм татуды құп көреді, - дейді колледж зерттеушілері.