Күндіз ұйықтаған дұрыс па
Ендеше түсте қалай дұрыс ұйықтаған жөн, соны қарастырып көрейік.
Көп те, аз да ұйықтауға болмайды
Есте ұстар ең басты шарт – түсте, күндіз көп ұйықтауға болмайды. Мамандардың көпшілігінің айтатыны да осы. Мәселен, ұйқы гигиена жөніндегі сарапшы, медицина жазушысы Кира Притчардтың (Kiera Pritchard) айтуынша, күндізгі ұйқы 10 минут пен 90 минуттың арасында болуы тиіс.
Кейбір зерттеулерде түсте 2 сағатқа дейін ұйықтауға болады делінген. Бірақ ең дұрысы – 1 сағат ұйықтаған пайдалырақ дегенге саяды.
Қай уақытта ұйықтаған жөн?
Маманның айтуынша, түскі ұйқы сағат 13.00-15.00 аралығында болғаны жөн. Бұл уақыт – адамның маужырап ұйқысы келетін шағы. Ал денсаулыққа ең жақсысы – ағзаның қалауын орындау. Одан кешірек ұйықтаған адамның түнгі ұйқысы мен биоырғағы бұзылуы мүмкін.
-->Ендеше түсте қалай дұрыс ұйықтаған жөн, соны қарастырып көрейік.
Көп те, аз да ұйықтауға болмайды
Есте ұстар ең басты шарт – түсте, күндіз көп ұйықтауға болмайды. Мамандардың көпшілігінің айтатыны да осы. Мәселен, ұйқы гигиена жөніндегі сарапшы, медицина жазушысы Кира Притчардтың (Kiera Pritchard) айтуынша, күндізгі ұйқы 10 минут пен 90 минуттың арасында болуы тиіс.
Жалпы, күні бойы ұйықтау – адамға өте зиян. Түсте аздап ұйықтаған ғана пайдалы. Сондықтан күні бойы ұйықтау мен түскі ұйқыны, күндізгі шағын ұйқыны шатастыруға болмайды, - дейді Кира Притчард.
Кейбір зерттеулерде түсте 2 сағатқа дейін ұйықтауға болады делінген. Бірақ ең дұрысы – 1 сағат ұйықтаған пайдалырақ дегенге саяды.
Күндізгі ұйқының нормалық циклі 90 минутқа созылады. Бұл жерде айта кетерлігі – адам осы уақыттың ішінде ұйқысы қанып тұру керек. Егер терең ұйқыда жатып оянып кетсеңіз, ұйқыңыз дұрыс қанбай, күні бойы мең-зең болып жүруіңіз мүмкін, - деп түсіндіреді Притчард.