Жағымсыз жаңалықтар денсаулыққа қалай әсер етеді
Техас университетінің профессоры Мэри Макнотон-Кассиллдің айтуынша, бұл біздің ақыл-ойымызға әсер етіп, депрессия, мазасыздық және ашу сезімін шақырады. Психолог бұл қысымды «тоқтаусыз табиғи апатпен» салыстырды. Ендеше, «жаман» жаңалықтарды үздіксіз оқу физиологиялық деңгейде неге әкеледі?
Күйзеліс созылмалы түрге айналады
Күйзеліс — адам үшін үйреншікті сезім. Оны арасында бастан өткеру — қалыпты нәрсе. Бұл қысқа мерзімді эмоция, әдетте, жылдам кетеді. Мұндай күйзеліс адамға қауіпті жағдайды бақылауға көмектеседі. Ол бір апта немесе одан да ұзаққа созылса, оны созылмалы күйзеліс деп атайды. Әлсін-әлсін қорқынышты жаңалықтар оқу осы созылмалы күйзелісті тудырады.
Кортизол гормондары бөлінеді
Дене күйзеліске гормандар бөлу арқылы әсер береді. Бұл гормондар бастапқыда миыңызды өткір әрі сергек етеді, бұлшықеттерді тонусқа келтіріп, жүрекке көбірек қан жібереді. Бұл реакциялар қысқа мерзімді түрде жақсы. Дене осылай қорғанады. Алайда күнделікті негатив жаңалықтарға әсер беру кезінде осы реакциялар кортизол деңгейінің артуын шақырады. Бұл гормон бүйрек үсті безінде түзіледі және тікелей артериялық қысым мен зат алмасуға әсер етеді. Нәтижесінде, жоғары қан қысымы, жүрек жеткіліксіздігі, ас қорытудың бұзылуы, семіздік және тіпті, диабет пайда болуы мүмкін.
Есте сақтау нашарлайды
Дәрігер Элмер Уэрттің зерттеуі бақылаусыз ақпараттық негативтен пайда болған күйзеліс адамның есте сақтауына әсер ететінін көрсеткен. Соның ішінде, ол «кеңістіктік есте сақтауға», яғни, біздің кеңістіктегі заттарды табу және байланыстыру қабілетімізге жауап беретін есте сақтау типіне әсер етеді. Кеңістіктік есте сақтаудың өзгеруінің қарапайым мысалына үйдің немесе көліктің кілтін қай жерге қойғанымызды ұмытып қалуды жатқызуға болады.
Ендеше, «жаман» жаңалықтар әсерімен қалай күресуге болады?
Уақытша ұялы телефонды сөндіріп тастаңыз. Өкінішке орай, мұны айту ғана оңай. Себебі біз ұялы телефонды автоматты түрде қолданамыз. Ең болмағанда, арасында хабарлама келуін сөндіріп тастау керек. Сондай-ақ ұйықтауға 1-2 сағат қалғанда ұялы телефонды «мазаламау» режиміне қою ұсынылады.
-->