Денсаулық

Еліміздің 12 өңірінде оңалту орталықтары салынбақ

-->

Әсіресе оңалту мәселесі өзекті. Осыған байланысты 2022-2024 жылдары 12 өңірде әрқайсысы 150 орындық жаңа оңалту орталықтарын салу жоспарланған. 2021 жылы олардың құрылысы Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарында басталды. Ағымдағы жылы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында құрылысты жүргізу жоспарлануда. Еңбекмині бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды. Өңірлерде де құрылыс барысына қатаң бақылау жүргізілуі тиіс, – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.