Денсаулық

Адам миы қанша жасқа дейін қартаймайды

Ғалымдар когнитивті қабілеттердің 20 жастан бастап баяулайтын реакция жылдамдығымен байланысты емес екенін анықтаған. Бұл үшін 1,2 миллион адамды онлайн тестілуден өткізген. Тәжірибе барысында адамдар экранда пайда болған сөздер мен суреттерді қажетті пернені басу арқылы топтастырған. 

Тәжірибеден кейін мамандар адамдардың баяу жауап беруі жасы ұлғайған сайын қателік жіберуден сақтанып, ұзақ ойлануымен байланысты деген қорытындыға келген. Сонымен қатар уақыт өткен сайын пернені басу жылдамдығы секілді қозғалтқыштық процестер де баяулайды. Осылайша адамның ақыл-ес қабілеттері 60 жасқа дейін төмендемейтіні анықталды. 

Ғылыми жұмыс авторлары аталмыш нәтижелер ми қабілетіндегі жас айырмашылығына қарай өзгерістерді зерттеуде жаңа ақпарат беретінін айтады. Мұның алдындағы зерттеулерде реакцияның баяулауы ақыл-ес қабілетінің әлсіреуімен байланыстырылып келген. 

-->