Елордада КВИ-мен ауырғандардың 70 пайыздан астамында омикрон анықталды
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенованың сөзінше, жыл басында ауырғандар саны артуына байланысты 51 ПТР-сынамаға секвенирлеу жүргізілді.
-->Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенованың сөзінше, жыл басында ауырғандар саны артуына байланысты 51 ПТР-сынамаға секвенирлеу жүргізілді.
Нәтижесінде омикрон штамы коронавируспен ауырғандардың 70,6 пайыздан астамында анықталды, ал дельта штамы 29,4 пайыз болды. Осылайша, елордада омикрон штамы басым екені белгілі болды, – деді С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.