Коронавирус адамды он жылға қартайтады – биолог
«Астана» телеарнасының мәліметінше, мұны ресейлік биолог Максим Скулачев айтқан. Ол коронавирус адамның биологиялық жасына қалай әсер ететінін, аурудың ағзаға тигізер залалын азайтуға бола ма деген сауалдарға жауап берді. Ал эпидемиолог маман Лена Қасабекова болса, мұнымен мүлдем келіспейді. Оның айтуынша, індеттің пайда болғанына 2 жыл ғана болды, оған әлі ешкім ғылыми зерттеу жасамады. Ал 10 жылға ағза бірден қартаяды деу ақылға қонымсыз деп отыр.
-->«Астана» телеарнасының мәліметінше, мұны ресейлік биолог Максим Скулачев айтқан. Ол коронавирус адамның биологиялық жасына қалай әсер ететінін, аурудың ағзаға тигізер залалын азайтуға бола ма деген сауалдарға жауап берді. Ал эпидемиолог маман Лена Қасабекова болса, мұнымен мүлдем келіспейді. Оның айтуынша, індеттің пайда болғанына 2 жыл ғана болды, оған әлі ешкім ғылыми зерттеу жасамады. Ал 10 жылға ағза бірден қартаяды деу ақылға қонымсыз деп отыр.
Коронавирустық инфекциямен ауырған адамдарда болатын ұзақмерзімді асқынулар туралы айту әлі ерте. Ондай тұжырым жасау үшін және ол дәлелденген болу керек қой. Ғылыми түрде тұжырымдар жасау үшін, бұл зерттеулерді бірнеше жыл жүргізу керек, – дейді Лена Қасабекова.