Денсаулық

4 жасар баланың асқазанынан 34 сантиметр шаш шықты

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегеновтың айтуынша, сәбидің тәбеті төмендеп, іші ауырған.

Хирургтың сөзінше, трихобезоар - бұл асқазандағы бөгде зат. Көбінесе бұл психологиялық бұзылуға  байланысты, балалар жүнді, өз шаштарын жұтып қояды.

 

-->

Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Әлімжан Төлегеновтың айтуынша, сәбидің тәбеті төмендеп, іші ауырған.

Тексеру және диагностика кезінде ісік тәрізді түзілуді байқадық. Қазір науқастың жағдайы орташа. «Асқазанның алып трихобезоары» диагнозы қойылып, ота жасау туралы дереу шешім қабылданды. Бұл мұндай бірінші ота емес, екі жыл бұрын осындай ота жасағанбыз, бірақ ол кезде көлемі аз болған, - деді Әлімжан Төлегенов.

Хирургтың сөзінше, трихобезоар - бұл асқазандағы бөгде зат. Көбінесе бұл психологиялық бұзылуға  байланысты, балалар жүнді, өз шаштарын жұтып қояды.

Біздің болжам бойынша, нәресте бір жастан бері шаш жеп бастаған. Отадан кейін қыздың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ауруханада ол кем дегенде тағы 10 күн болады, - деді Төлегенов.