Денсаулық

Елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі – ДСМ

Сондай-ақ ол эпидахуалды бағалау матрицасында бүкіл республика және 14 өңір «қызыл» аймақта тұрғанын айтты.

Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы «сары» аймаққа өтіп, Түркістан облысы «жасыл» аймаққа шықты. Қаңтар айында КВИ-дан өлім-жітім деңгейі желтоқсанмен салыстырғанда 1,3 есеге төмендеген.

Осыған байланысты, министр жергілікті атқарушы органдарға халықтың арасында КВИ профилактикасы шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін айтты.


 

-->

Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, бірақ соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда жағдай тұрақтанып келеді. Жыл басынан бері республикада 250 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды, соңғы аптадағы жағдайлардың орташа тәуліктік көрсеткіші 8 мыңға дейін жетті, - деді министр. 

Сондай-ақ ол эпидахуалды бағалау матрицасында бүкіл республика және 14 өңір «қызыл» аймақта тұрғанын айтты.

Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы «сары» аймаққа өтіп, Түркістан облысы «жасыл» аймаққа шықты. Қаңтар айында КВИ-дан өлім-жітім деңгейі желтоқсанмен салыстырғанда 1,3 есеге төмендеген.

Соңғы екі аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі 2,4 есе өсті. Бұл ретте аурудың ең көп өсуі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады (6 есе). Сырқаттанушылық 7 өңірде: Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарында және Алматы қаласында 2-ден 6 есеге дейін өсті. Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында 2 есеге дейін өсім байқалды, - деді Ажар Ғиният.

Осыған байланысты, министр жергілікті атқарушы органдарға халықтың арасында КВИ профилактикасы шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін айтты.