Денсаулық

Қазақстанда симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі қысқартылды

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды.

-->

«Омикрон» нұсқасынан туындаған коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескере отырып, карантин және «Ашықтағы» мәртебенің өзгеру мерзімдері қайта қаралды. Жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл ретте 7 тәуліктен кейін ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған кезде карантин аяқталады, – деді министр.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды.

Бұл ретте, 7 тәуліктен кейін ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе, карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәуліктен кейін ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин қосымша тест тапсырусыз 10-шы күні аяқталады. Бұл өлшем шарттар Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі және жұмыс ережелері мен «Ашықтағы» мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты, – деді Ажар Ғиният.