Денсаулық

Алматыда 105 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ревакцинациядан 104 916 алматылық өтті.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 35 909 адам салдырды. Оның ішінде 1953 жүкті әйел, 7 652 бала емізетін ана және 26 304 жасөспірім бар.

 

-->

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ревакцинациядан 104 916 алматылық өтті.

20 қаңтар күні 4 198 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 20 қаңтар аралығында қалада 1 095 040 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 042 772 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 885 адамның жасы 60-тан асқан, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 35 909 адам салдырды. Оның ішінде 1953 жүкті әйел, 7 652 бала емізетін ана және 26 304 жасөспірім бар.

Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкері жұмылдырылды, - делінген Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.