COVID-19: Елордада эпидемиологиялық жағдай күрделі
Соңғы тәулікте ішінде зертханалық расталған 3312 жағдай тіркелді (симптомдары бар 2649, симптомсыз 663 жағдай), өсім – 2,07%-ды құрайды.
Соңғы аптада COVID-19 бойынша 9136 жағдай тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда алдыңғы аптадан 7,9 есе жоғары, яғни сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші 97,3-тен 768,8-ге дейін өсті, ал репродуктивтік сан 3,08-ге жетіп отыр.
-->Соңғы тәулікте ішінде зертханалық расталған 3312 жағдай тіркелді (симптомдары бар 2649, симптомсыз 663 жағдай), өсім – 2,07%-ды құрайды.
Соңғы аптада COVID-19 бойынша 9136 жағдай тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда алдыңғы аптадан 7,9 есе жоғары, яғни сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші 97,3-тен 768,8-ге дейін өсті, ал репродуктивтік сан 3,08-ге жетіп отыр.
Қаңтардың алғашқы 12 күнінде барлығы 40 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Коронавирустық инфекциямен 9428 науқас анықталды, бұл 2021 жылғы желтоқсаннан 3 есе артық (2737 жағдай).
Барлық жастағы адамдар инфекцияға бейім болып келеді, бірақ соңғы күндері біз 25-39 жастағы адамдар арасында біршама өсуді байқадық, олар ересек тұрғындардың 30 %-ын құрайды, бұл жалпы сырқаттанушылықтың 79 %-ын құрайды. Балалар үлесі 18%-ды және жасөспірімдер 3,0%-ды құрайды, – делінген хабарламада.