Денсаулық

60 жастан асқандарға ревакцинация үшін Pfizer салынады

Ведомство басшысының сөзінше, эпидахуалдың күрт нашарлауына жаңа «Омикрон» штамының пайда болуы әсер етіп отыр.

-->

Халықтың осал тобын қорғау үшін ревакцинациялауға  арналған вакциналар саны көбейтілді. Тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана емес, 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация үшін «Комирнати» (Pfizer) вакцинасы ұсынылады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі өз сөзінде.

Ведомство басшысының сөзінше, эпидахуалдың күрт нашарлауына жаңа «Омикрон» штамының пайда болуы әсер етіп отыр.

Ауру жағдайлары 2-3 күнде екі есе өседі, бұл аурудың жылдам көбеюіне әкеледі. Бұл ретте, алдын ала аралық зерттеулер ревакцинация аурудың ауыр түрлерінен, ауруханаға жатқызудан және өлімнен 70% дейін қорғайтынын көрсетті. КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты, қызыл аймақтағы өңірлерде ұжымдарды тарату және инфекцияның таралуын азайту бойынша қосымша профилактика шаралары Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына шығарылады, - деді Ажар Ғиният.