«Омикрон»: Жағдай тұрақталмаса, карантин қатаңдатылады
Қала тұрғындарын аса сақ болуға шақырған ведомство басшысы «Омикрон» штамы «Дельтаға» қарағанда 70 есе жұқпалы деп отыр.
-->Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 күн толық өтіп, эпиджағдай тұрақталмаса, алтыншы күні карантиндік қатаңдату шаралары қабылдануы тиіс. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы қабылданған соң, ол үш күн өткенде қай өңір екендігіне қарамастан күшіне енеді, - деді департамент басшысының орынбасары.
Қала тұрғындарын аса сақ болуға шақырған ведомство басшысы «Омикрон» штамы «Дельтаға» қарағанда 70 есе жұқпалы деп отыр.
Бүгінде елордада 7 стационар індетпен күрес үшін жұмыс істеп жатыр. Бүгін таңертең алынған дерек бойынша, қалада 513 пациент ем қабылдауда, - деп атап өтті Жанна Пралиева.