«Дельта» мен «омикрон» жағдайды ушықтыруы мүмкін – ДДСҰ басшысы
ДДСҰ басшысы COVID-19-дың жаңа штамдары салдарынан көп адам ауырып жатқанын және ауруханаға жатқызу, өлім-жітім саны да артқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Франция, Ұлыбритания, Дания, Италия, Испания, Португалия, Грекия, Кипр, Италия, Мальта, АҚШ, Боливия, Аустралияда кейінгі күндері ауырғандар саны артқан.
ДДСҰ басшысының айтуынша, коронавирус инфекциясын жеңу үшін денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті жою қажет.
ДДСҰ есебіне сәйкес, бір апта ішінде Еуропада COVID-19 инфекциясының жаңа жағдайлары 57 пайызға, Америкада 30 пайызға артқан. Қазір әлемде күн сайын 900 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі.
-->ДДСҰ басшысы COVID-19-дың жаңа штамдары салдарынан көп адам ауырып жатқанын және ауруханаға жатқызу, өлім-жітім саны да артқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Франция, Ұлыбритания, Дания, Италия, Испания, Португалия, Грекия, Кипр, Италия, Мальта, АҚШ, Боливия, Аустралияда кейінгі күндері ауырғандар саны артқан.
«Дельта» мен «омикрон» қазір екі есе қауіп төндіреді. Жұқтырғандар саны артуына, ауруханаға жатқызу қаупіне, өлімнің күрт артуына әкеледі. «Омикрон» трансмиссивті сипат алып, дельтамен бір уақытта таралуы жағдайды ушықтыра ма деп қатты алаңдаймын, – деді Тедрос Адханом Гебрейесус.
ДДСҰ басшысының айтуынша, коронавирус инфекциясын жеңу үшін денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті жою қажет.
Бұл бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелеріне қысым көрсетуі мүмкін. Сондықтан біз бай елдер мен өндірушілердің көшбасшыларын болып жатқан жайлардан сабақ алып, әр ел тұрғындарының 70 пайызын вакциналау үшін бірге жұмыс істеуге шақырамыз, – деп түйіндеді ол.
ДДСҰ есебіне сәйкес, бір апта ішінде Еуропада COVID-19 инфекциясының жаңа жағдайлары 57 пайызға, Америкада 30 пайызға артқан. Қазір әлемде күн сайын 900 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі.