Білім

Жекеменшік университеттерден шағымдар келеді – Саясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет оқытушыларының жалақысы туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ондай мәселе бар. Біз мемлекеттк университеттерде соңғы 3 жылда  жалақыны жақсы көтеріп алдық. Жекеменшік университеттерден шағымдар келеді. Олар тікелей бізге бағынбайды. Кәсіпкерлік кодекспен қорғалған. Жекеменшік бизнеске жатады ғой. Олардың құқықтары қорғалған. Біз оларға нұсқаулық бере алмаймыз. Рекомендация бере аламыз. Міндеттеуге күшіміз жоқ», - деді министр.